Жарияланған күні:

Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының менеджері

(Осы бос лауазымға түйіндеме cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Түйіндемені хатта жіберу кезінде сіз өтінім беріп отырған бос лауазымның толық атауын көрсетуіңіз керек).

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 2 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.

Міндеттері:

  • міндетті еңбек өтілі бойынша шарттық міндеттемелерді орындау, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлігінде түлектердің мониторингі процесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау;
  • Қоғам қызметінің бағыттары бойынша Қоғамның ресми сайтын ақпараттық толықтыруды қамтамасыз ету;
  • «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған лауазымы мен мамандығына сәйкестігі тұрғысынан түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингін жүзеге асыру;
  • «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және түлектердің еңбек өтіліне тұрақты мониторинг жүргізу;
  • «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің түйіндемелерінің деректер банкін қалыптастыру және мәліметтер базасында түлектердің жеке сауалнамаларын уақтылы өзектендіру;
  • жұмыс берушілердің деректер банкін қалыптастыру;
  • түлектердің, жұмыс берушілер мен серіктестердің қатысуымен семинарлар, кеңестер, презентациялар, кездесулер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  • түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұлттық компаниялармен және басқа да ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюды ұйымдастыру;
  • басқарманың құзыреті шегінде түлектерден келіп түсетін хаттарға, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштеріне, өтініштер мен сұрау салуларға жауаптарды уақтылы және сапалы дайындау;
  • басқарманың жұмыс жоспарларын орындау.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:

  • жауапкершілік;
  • зейінділік;
  • сабырлылық;
  • көшбасшылық, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мүмкіндігі;
  • көпшілдік, эмпатия, жұмсақ дағдыларды жоғары меңгеру;
  • шығармашылық, бастамашылдық;
  • ауызша және жазбаша сауаттылық (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
  • мемлекеттік және орыс тілдеріндегі іс қағаздарын жүргізу;
  • компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы;
  • аналитикалық құжаттарды, ақпараттық мәтіндерді әзірлеу қабілеті.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:

  • мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдері;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары;
  • Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар.