Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімге қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: қаржы-экономикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Шетелде оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура, докторантура) құрылымдық бөлімшенің қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы ("Болашақ" халықаралық стипендиясына қатысты нормалар); Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"Қазақстан Республикасының Заңы; "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Жарғысы; «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығы; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтері, сондай-ақ оларды жоспарлау тәртібі; ұйым қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау және есепке алу әдістері; Бюджеттік өтінімді қалыптастыру, перспективалық және жылдық даму жоспарларын әзірлеу тәртібі; қоғамның ұйымдық құрылымы және қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар; мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), Шет тілдері (білгені жөн).
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:
Жауапкершілік; сенімділік; парасаттылық; кәсіпқойлық; инновация; стратегиялық ойлау; стресске төзімділік; ұйымдастырушылық дағдылар; коммуникативтік дағдылар; консультациялық жұмыс дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысының дағдылары; жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу; командада жұмыс істей білу; презентация жасай білу; өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің "Мемлекеттік мүлік тізілімі" бағдарламалық өнімінде жұмыс істеу дағдылары.
Функционалды міндеттер: