Жарияланған күні:

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білім және біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кем дегенде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда, жұмыс өтіліне қойылатын талаптар кемінде 2 жыл немесе Халықаралық бағдарламалар орталығында (әрі қарай - Қоғам) жұмыс өтілі 2 жылдан астам. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда жетекші лауазымдағы еңбек өтілін растау қажет емес.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • Қоғам қызметінің стратегиялық және операциялық жоспарларын қалыптастыруды, Қоғам басшылығына бекітуге ұсынуды және «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды ұйымдастыру, сондай-ақ іске асырылуын бақылау;

  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның және Комиссияның материалдарын, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен ұсынылатын материалдар жинағын қалыптастыру;

  • Басқарманың құзыреті шегінде Қоғамның қызметі және «Болашақ» халықаралық стипендиясының іске асырылу барысы (қажет болған жағдайда) туралы есептерді дайындау;

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесі жобасын қалыптастыруды ұйымдастыру;

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерін даярлауға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының Тізімінің жобасын қалыптастыруды

  • медициналық мамандықтар бойынша немесе өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орны болмаған жағдайда талдауды ұйымдастыру өнер саласы бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өтінімі бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздары оқуға, тіл курстарынан өтуге ұсынылған жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың Тізіміне және білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган;

Основные функциональные обязанности:

  • организация формирования, вынесение на утверждение руководством Общества стратегических и операционных планов деятельности Общества и реализации международной стипендии «Болашак», а также осуществление контроля за исполнением;

  • организация подготовки информационно-аналитических, статистических материалов и проведение исследований в соответствии с запросами уполномоченного органа в сфере образования и науки и иных государственных органов;

  • формирование материалов Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом и Комиссии, свод материалов, предоставленных от структурных подразделений Общества;

  • подготовка отчетов о деятельности Общества и ходе реализации международной стипендии «Болашак» (по мере необходимости) в пределах компетенции Управления;

  • организация формирования проекта Перечня приоритетных специальностей для присуждения международной стипендии «Болашак»;

  • организация формирования проекта Списка зарубежных высших учебных заведений, рекомендуемых для обучения обладателей международной стипендии «Болашак»;

  • организация проведения анализа, в случае отсутствия специализированного зарубежного высшего учебного заведения, осуществляющего подготовку специалистов по медицинским специальностям или специальностям в области искусства в Списке ведущих зарубежных высших учебных заведений, зарубежных организаций, рекомендуемых для обучения, прохождения языковых курсов победителями конкурса на присуждение международной стипендии «Болашак» по запросам структурных подразделений Общества и уполномоченного органа в сфере образования и науки;

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім: мемлекеттік және орыс тілдері; мүмкіндігінше шет тілін білген жөн; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережелері; Қоғам Жарғысы; Зерттеу және стратегиялық даму басқармасы ережелері; Қоғамның даму стратегиясы мен болашағын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; шет елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар: іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу; жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу; ДК мен кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы болу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары; кеңес беру дағдылары; көшбасшылық қабілеттер мен шешім қабылдау; заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары; талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, өзгерістерге тез бейімделу; үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу; ұжымда және өз бетінше жұмыс істей алу.

Қосымша талаптар: кадрларды таңдау, оқыту, бейімдеу, ынталандыру тәжірибесі; стратегиялық жоспарлау тәжірибесі.