Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының менеджері (жүйелік әкімші).
(Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz поштасы арқылы қабылданады. Түйіндеме жіберген кезде хатта бос лауазымның толық атауын міндетті түрде көрсету керек)
Білімі:
Ақпараттық технологиялар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе ақпараттық технологиялар саласында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім.
Еңбек өтілі:
Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі кемінде 1 жыл (жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар) немесе кемінде 3 жыл (техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (арнаулы орта, орта кәсіптік) білімі бар).
Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда – кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе Қоғамда кемінде 1 жыл жұмыс істеген болуы қажет.
Білімі болуы тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы
Қоғамның жарғысы
Мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шет тілдері (құпталады)
Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары
Ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары
Ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқару әдіснамалары мен қағидаттары
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдіснамалары, қағидаттары мен құралдары
«Электрондық үкімет» жұмысының негіздері мен даму тұжырымдамасы
Қабілеттері мен дағдылары:
Стратегиялық ойлау
Ұйымдастырушылық қабілеттер
Коммуникативтік дағдылар
Кеңес беру қабілеті
ДК және кеңсе техникасын жетік меңгеру
Жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу дағдысы
Жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу
Командада жұмыс істей білу
Презентация өткізу шеберлігі
Өзгермелі жағдайларға бейімделе білу
Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу
Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары
Ұйымның бизнес-процестерін зерттеу және сипаттау дағдылары
Деректер базасын әзірлеу және дамыту дағдылары
Ұйымның жергілікті есептеу желісін, корпоративтік пошта қызметтерін ұйымдастыру дағдылары
Желілік және серверлік жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары
Бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық қолдау көрсету дағдылары
Қосымша талаптар:
Жауапкершілік; сенімділік; адалдық; кәсібилік; күйзеліске төзімділік; ынтымақтастық орната білу, келіссөздер жүргізе білу; аналитикалық және іскерлік қабілеттер; ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыра білу.