**(Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz поштасы арқылы қабылданады. Түйіндеме жіберген кезде хатта бос лауазымның толық атауын міндетті түрде көрсету керек)***
Білімі: Гуманитарлық ғылымдар (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, социология) мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны құпталады.
Еңбек өтілі:
Кемінде 2 жыл жұмыс өтілі. Шетелде магистратура немесе докторантураны аяқтаған жағдайда – кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе Қоғамда кемінде 1 жыл жұмыс істеген болуы қажет.
Білімі болуы тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы
Қоғамның жарғысы
Электрондық құжат айналымы жүйесінің негіздері
Мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шет тілдері (құпталады)
Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары
Қоғамның ұйымдық құрылымы және Қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар
Қабілеттері мен дағдылары:
Стратегиялық ойлау
Ұйымдастырушылық қабілеттер
Коммуникативтік дағдылар
Аналитикалық ойлау
Кеңес беру қабілеті
ДК және кеңсе техникасын жетік меңгеру
Жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу дағдысы
Жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу
Командада жұмыс істей білу
Презентация өткізу шеберлігі
Өзгермелі жағдайларға бейімделе білу
Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу
Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру
Сауатты сөйлеу және тамаша жазу дағдылары
Ұйымның даму стратегиясы мен ақпараттық нарық конъюнктурасын білу
Қызметтік және/немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну, қорғау және пайдалану тәртібі
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістері
Дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу тәсілдерін білу
Бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттарды (контрактілерді) жасау тәртібі
Іскерлік қарым-қатынас этикасын және іскерлік хат алмасу ережелерін білу
Қоғаммен байланыс саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе
Қазіргі заманғы байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері
Клиенттік PR, ішкі корпоративтік PR, дағдарыстық PR және басқа да PR түрлерінің негізгі қағидаттары
Саясаттану, социология, психология негіздері
Іс жүргізу негіздері
Бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеу әдістемесі