Шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасының менеджері (уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңіне 11.01.2027 ж. дейін)
(Резюме принимаются на электронную почту cv_hr@bolashak.gov.kz. При подаче резюме в письме следует в обязательном порядке указать полное наименование вакантной позиции, на которую претендуете).
Білімге қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне қойылатын талаптар жоқ.
Қажетті білімдер
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (соның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар);
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы;
Қоғамның жарғысы; мемлекеттік және орыс тілдерін міндетті түрде, шетел тілдерін білуі құпталады;
еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нормалар; Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы; Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу қағидалары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 19 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздары қатарынан стипендиядан бас тартқан, стипендиядан айырылған не «Болашақ» халықаралық стипендиясының әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар тұлғаларға жұмсалған бюджет қаражатын қайтару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары;
Қоғамның даму стратегиясы мен болашағы;
Қоғамның ұйымдық құрылымы және Қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттар.
Қажетті дағдылар:
стратегиялық ойлау; стресске төзімділік;
ұйымдастырушылық қабілет; аналитикалық, іскерлік және коммуникативтік дағдылар;
кеңес беру қабілеті;
ЖК мен кеңсе техникасын жетік пайдалану дағдылары;
жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу дағдылары;
презентация өткізе білу;
ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары;
құжаттарды жүйелеу, есепке алу және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізу дағдылары; талдамалық құжаттар мен ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары;
келіссөздер жүргізу қабілеті.
Дополнительные требования:
жауапкершілік;
сенімділік; адалдық;
кәсібилік;
жағдайды сын тұрғысынан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделу қабілеті;
үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу;
ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу;
командада да, жеке өз бетімен де жұмыс істей білу.