Жарияланған күні:

Адами ресурстарды басқару басқармасының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл (уақытша жоқ қызметкерді алмастыру кезеңіне)

(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 17 мамырға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық немесе заң, экономикалық білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтілі:мамандығы бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 2 жыл.

Білім: мемлекеттік және орыс тілдері, шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулыларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; Қоғам Жарғысы, Адам ресурстарын басқару басқармасы туралы ереже (бұдан әрі – Басқарма), Қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды; «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспарын; Қоғамның даму стратегиялары мен перспективаларын; шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормалары мен қағидаларын.

Дағдылар: мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; консультациялық жұмыс дағдылары; көшбасшылық дағдылары, күрделі жағдайларда шешім қабылдау; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары, жағдаятты және фактілерді объективті және бейтарап бағалай білу, этикалық мінез-құлық ережелерін сақтау туралы шағымдар мен дауларды қарай білу, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібінің мәселелерін білу, оны қорғау және дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу әдістерін пайдалану тәртібі; іскерлік қарым-қатынас әдебін және іскерлік хат алмасуды жүргізу ережелерін білу;

Қосымша талаптар: аналитикалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; жағдайды сыни бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделу; шешім қабылдай білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу.

Міндеттері:

• Адам ресурстарын басқару басшылығы.
• Барлық HR-процестерді өзбетінше басқару.
• Персоналды тарту және іріктеу. Бос орындарға персоналды іріктеу процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету:
• Персоналды оқыту; (топтар ұйымдастыру және қызметкерлерді өзбетінше оқыту)
• Персоналдың нәтижелілігін басқару;
• Кадр резервін басқару; (тұрақты түрде бағалау жүргізу)
• Еңбек қатынастарын реттеу;
• Штат кестесін және ЕАҚ басқару;
• Ішкі байланысты басқару;
• Персоналды бейімдеу, ұжымдағы ахуалды басқару.
• Есеп жүргізу.
• Кадр тұрақтамауымен жұмыс жүргізу (талдау, іс-шара өткізу).
• Қызметкерлерді табелдеу процесін бақылау.
• Корпоративтік және командалық іс-шараларды ұйымдастыру.
• Персоналмен үнемі жиналыс өткізу.
• Қажет болғанда кадрлық іс-қағаздарын жүргізу, кадрлық аудит өткізу.
• Персоналды іскерлік бағалаудың оңтайлы жүйесін құру:

  • персоналдың әртүрлі санаттары үшін іскерлік бағалаудың мақсаттарын, өлшемшарттарын (мінездеме, сараптамалық бағалау, еңбек тәртібін талдау, жеке тиімділік көрсеткіштерін талдау) және кезеңділігін айқындау;
  • персоналды бағалау, аттестациядан өткізудің кесте-жоспарын әзірлеу;
  • қызметкерлерді бағалау рәсіміне қатысу;
  • бағалау комиссиясы шешімінің іске асырылуын бақылау;
  • КІҚЖ бақылау.

• Қоғам Жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.