Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 10 шілдеге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).
Үімткердің біліміне қойылатын талаптар: білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл, құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша жұмыс өтілі талап етілмейді.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет білім мен дағдылар:
1) шет елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері;
2) мемлекеттік және шет тілдері (міндетті), білім туралы тиісті құжатпен (отандық/шетелдік) не сертификатпен (шет тілінің тиісті білімін растайтын) расталған орташадан жоғары деңгейде шет тілін білу;
3) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
4) ауызша және жазбаша сөйлесу дағдылары;
5) заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу;
6) ДК мен ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысы дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерді жұмыс істеу;
7) командада және өзбетінше жұмыс істей білу.
Лауазымдық міндеттері:
Басқарма менеджерінің лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:
1) Басқарманың жұмыс жоспарларын орындау;
2) басшылықтың тапсырмасын орындау;
3) стипендиаттарды тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға орналастыру үшін құжаттар ресімдеу;
4) стипендиаттардың академиялық үлгеріміне мониторинг және бақылауды жүзеге асыру бойынша шетелдік оқу орындары мен ұйымдардың өкілдерімен байланыс орнату және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
5) стипендиаттардан, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен кеп түсетін өтініштер мен сауалдарға белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау;
6) белгіленген тәртіпте стипендиаттардың өтініштері мен сауалдары бойынша стипендиаттармен, шетелдік ұйымдармен және Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасу;
7) Басқарма мен Қоғам қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволардан, білім беру мекемелерінен және ұлттық компаниялардан кеп түсетін сауалдарға жауаптар бойынша, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын іске асыру барысында өзекті мәселелер бойынша жиынтық ақпарат дайындау.