Жарияланған күні:

Америка, ТМД, Азия, Океания басқармасының менеджері (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне)

(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 2 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.

Міндеттері:

  • Басқарманың жұмыс жоспарларын орындау;
  • «еБолашақ» көпфункционалды ақпараттық жүйесінде стипендиаттардың ақпаратын жүргізу, өзгерту және уақтылы толықтыру»;
  • стипендиаттарды тілдік курстарына, тағылымдамаға, академиялық оқуға жіберуді ұйымдастыру (кепіл хатты, стипендиаттың мәртебесі туралы анықтаманы дайындау, визаның бар-жоғын тексеру және әуебилеттерді сатып алу);
  • стипендиаттардың академиялық үлгеріміне мониторинг және бақылауды жүзеге асыру бойынша шетелдік оқу орындары мен ұйымдардың өкілдерімен байланыс орнату және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • оқу/жеке жоспарларды, транскриптерді, есептік құжаттарды жинау, оқу жоспарындағы курстар мен кредиттердің сәйкессіздігін қарау және бақылау жөніндегі қызмет;
  • бітірушілердің оқуды аяқтағаны туралы есеп беру құжаттарын ұсынуына бақылауды жүзеге асыру;
  • белгіленген тәртіпте стипендиаттардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша стипендиаттармен, шетелдік ұйымдармен және қоғамның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүргізу;
  • мемлекеттік органдардан, ведомстволардан, білім беру мекемелерінен және ұлттық компаниялардан Басқарма мен қоғам қызметінің мәселелері бойынша, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасын іске асыру барысындағы өзекті мәселелер бойынша келіп түсетін сауалдарға жауаптар бойынша жиынтық ақпарат дайындау»;
  • өз құзыреті шегінде шетелде кадрлар даярдау жөніндегі Республикалық Комиссия отырыстарына және «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі Комиссияға стипендиаттардың материалдарын дайындау, Комиссия қарауына енгізілген мәселелер бойынша, сондай-ақ қабылданған шешімдер туралы стипендиаттарды хабардар ету.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:

  • жауапкершілік;
  • зейінділік;
  • сабырлылық;
  • көшбасшылық, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мүмкіндігі;
  • көпшілдік, эмпатия, жұмсақ дағдыларды жоғары меңгеру;
  • шығармашылық, бастамашылдық;
  • ауызша және жазбаша сауаттылық (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
  • мемлекеттік және орыс тілдеріндегі іс қағаздарын жүргізу;
  • компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы;
  • аналитикалық құжаттарды, ақпараттық мәтіндерді әзірлеу қабілеті.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:

  • мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдері;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары;
  • Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар.