Жарияланған күні:

Америка, ТМД және Океания басқармасының бас менеджері (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне)

(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 3 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.

Міндеттері:

  • Басқарманың жұмыс жоспарларын орындау;
  • «еБолашақ» көпфункционалды ақпараттық жүйесінде стипендиаттардың ақпаратын жүргізу, өзгерту және уақтылы толықтыру»;
  • стипендиаттарды тілдік курстарына, тағылымдамаға, академиялық оқуға жіберуді ұйымдастыру (кепіл хатты, стипендиаттың мәртебесі туралы анықтаманы дайындау, визаның бар-жоғын тексеру және әуебилеттерді сатып алу);
  • стипендиаттардың академиялық үлгеріміне мониторинг және бақылауды жүзеге асыру бойынша шетелдік оқу орындары мен ұйымдардың өкілдерімен байланыс орнату және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • оқу/жеке жоспарларды, транскриптерді, есептік құжаттарды жинау, оқу жоспарындағы курстар мен кредиттердің сәйкессіздігін қарау және бақылау жөніндегі қызмет;
  • бітірушілердің оқуды аяқтағаны туралы есеп беру құжаттарын ұсынуына бақылауды жүзеге асыру;
  • белгіленген тәртіпте стипендиаттардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша стипендиаттармен, шетелдік ұйымдармен және қоғамның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүргізу;
  • мемлекеттік органдардан, ведомстволардан, білім беру мекемелерінен және ұлттық компаниялардан Басқарма мен қоғам қызметінің мәселелері бойынша, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасын іске асыру барысындағы өзекті мәселелер бойынша келіп түсетін сауалдарға жауаптар бойынша жиынтық ақпарат дайындау»;
  • өз құзыреті шегінде шетелде кадрлар даярдау жөніндегі Республикалық Комиссия отырыстарына және «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі Комиссияға стипендиаттардың материалдарын дайындау, Комиссия қарауына енгізілген мәселелер бойынша, сондай-ақ қабылданған шешімдер туралы стипендиаттарды хабардар ету;
  • стипендиаттарды тіл курстарына, магистратураға, тағылымдамадан өтуге, академиялық дайындыққа жіберуді ұйымдастыру (кепілдік хатты, стипендиат мәртебесі туралы куәлікті дайындау, визаның бар-жоғын тексеру және авиабилеттерді сатып алу) және ғылыми конкурс жеңімпаздарын тағылымдамалар;
  • стипендиаттар мен Конкурс жеңімпаздарының жол жүру құжаттарын дайындау (әуе билеттері, елшіліктерге берілетін кепілдік хаттар), психологиялық бейімделу, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер, сондай-ақ шетелде тұру шарттары мен ерекшеліктері туралы хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
  • академиялық оқу кезеңінде жетекшілік ететін стипендиаттардың семестр/триместр/қорытынды оқу үлгерімін бақылау үшін мәліметтер базасын жүргізу; тағылымдама/зерттеу тағылымдамасы есептерін бақылау;
  • келісім-шарттық міндеттемелерге сәйкес академиялық оқу кезеңінде стипендиаттардың оқу үлгерімінің сақталуын/сәйкессіздігін бақылау;
  • оқу үлгеріміне қатысты шарттық міндеттемелерді бұзған жағдайда тиісті шаралар қабылдау;
  • ай сайынғы стипендияларды есептеу үшін негізгі және қосымша тізімдерді қалыптастыру;
  • корпоративтік электрондық пошта және телефон арқылы шетелде тіл курстарынан, тағылымдамадан, ғылыми тағылымдамадан өту, стипендиаттардың және конкурс жеңімпаздарының академиялық тағылымдамадан өтуі барысында консультативтік қызмет көрсету, стипендиаттардан келіп түскен өтініштер мен сұраныстарға белгіленген тәртіппен жауаптар дайындау; Конкурс жеңімпаздары, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері;
  • белгіленген тәртіпте әуе билеттерін уақтылы брондау, авиабилеттерді авторизациялау үшін құжаттарды дайындау, стипендиаттар мен Конкурс жеңімпаздарына авиабилеттерді авторизациялау;
  • қоғамның мұрағат қоймасына істер мен құжаттарды қалыптастыру, тапсыру;
  • өз құзыреті шегінде Қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
  • өз құзыреті шегінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен консультациялар өткізу.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:

  • жауапкершілік;
  • зейінділік;
  • сабырлылық;
  • көшбасшылық, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мүмкіндігі;
  • көпшілдік, эмпатия, жұмсақ дағдыларды жоғары меңгеру;
  • шығармашылық, бастамашылдық;
  • ауызша және жазбаша сауаттылық (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
  • мемлекеттік және орыс тілдеріндегі іс қағаздарын жүргізу;
  • компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы;
  • аналитикалық құжаттарды, ақпараттық мәтіндерді әзірлеу қабілеті.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:

  • мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдері;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары;
  • Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар.