Жарияланған күні:

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: жоғары (заң немесе гуманитарлық) білім. Магистр дәрежесінің немесе білім беру саласындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: ұйымның тиісті бейініндегі басшылық лауазымдардағы мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер, «Болашақ» халықаралық стипендиясын үміткерлерді іріктеу қағидалары және Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидалары; «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары; Қоғамның Даму стратегиясы мен перспективасы; Қоғам Жарғысы, Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік және құқықтық құжаттар; Қоғам қызметінің бағыттарын айқындайтын ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылық материалдар; Қоғамның ұйымдық құрылымы; ақпараттық технологиялардың заманауи құралдары және оларды қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін қолдану мүмкіндіктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:
мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру; сауатты сөйлеу және тамаша жазу дағдылары; жұртшылықпен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; ұйымның Даму стратегиясы және ақпараттық нарық конъюнктурасы; мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібі, оны қорғау және пайдалану; әлеуметтік зерттеулер жүргізу технологиясы; дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу әдістері; жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері; бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттар (келісімшарттар) жасау және жасасу тәртібі; іскерлік қарым-қатынас әдебі және іскерлік хат алмасуды жүргізу қағидалары; қазіргі заманғы техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып ақпаратты жинау және өңдеу әдістері, клиенттік пиар, корпоративішілік пиар, дағдарыстық пиар, өзге де пиар түрлерінің негізгі қағидаттары; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістері; Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Қосымша талаптар: талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; шешім қабылдай білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу.

Лауазымдық міндеттері:

  1. Қоғамның Басқарма төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады, Қоғамның Басқарма төрағасының актілері мен тапсырмаларын орындайды.
  2. Өз құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіру жөнінде Қоғамның Басқарма төрағасына ұсыныстар енгізеді.
  3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, жетекшілік ететін мәселелер бойынша басқа да ұйымдар мен мекемелермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Қоғамның жұмысын бақылайды және үйлестіреді.
  4. Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің олардың қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі техникалық ерекшеліктерді уақтылы дайындауға бақылау жүргізеді.
  5. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның және «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның отырысына енгізу үшін материалдардың уақтылы және сапалы дайындалуын бақылайды.
  6. Өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде Қоғамның мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.
  7. Қоғамның Басқарма Төрағасы белгілеген құзыреттер шегінде Қоғам атынан құжаттарға қол қояды.
  8. Ағымдағы жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін, ағымдағы жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған ұқсас мамандықтар тізбесін, оларды одан әрі бекіту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерін оқыту үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімін әзірлеуді бақылауды қамтамасыз етеді.
  9. Қоғамда шығарылатын өкімдердің, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың және басқа да ішкі актілердің жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің барлық қызметкерлерінің уақтылы орындауын бақылайды және үйлестіреді.
  10. Өз құзыреті шеңберінде Қоғам қызметі бойынша өтініштерді есепке алуды және қарауды бақылайды.
  11. Өз құзыреті шеңберінде Қоғамның қызметі мен даму жоспарлары тармақтарының орындалуын бақылайды.
  12. Өз құзыреті шеңберінде жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуіне басшылық жасайды.
  13. Белгіленген тәртіппен Қоғамның жұмыс топтары мен комиссияларының жұмысына қатысады.
  14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижесі бойынша өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
  15. «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде, сондай-ақ үкіметаралық келісімдер шеңберінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу және құжат қабылдау процесін ұйымдастыруды бақылайды.
  16. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тағылымдамадан өту бағдарламасы іс-шараларының орындалуын талдау мен мониторингтеуді жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді үйлестіреді.
  17. «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты бақылайды.
  18. Білім беру, оқытуды ұйымдастыру және тағылымдамадан өту мәселелерінде, оның ішінде халықаралық оқыту шеңберінде Қоғамның шетелдік ұйымдармен халықаралық ынтымақтастығын дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.
  19. Бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік білім беру ұйымдарымен, Қоғам серіктестерімен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  20. Қоғамның мемлекеттік қызмет көрсету сапасын автоматтандыру, мониторингтеу және қадағалау бойынша бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырады.
  21. Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылайды және үйлестіреді, атап айтқанда:
    1) Қоғам қызметінің стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық мәселелері;
    2) құжат қабылдау мен конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру;
    3) Қоғамның ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ Қоғамның жергілікті есептеу желісінің, интернет-сайттың және пошта серверінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
  22. Осы құрылымдық бөлімшелердің (Стратегия және халықаралық ынтымақтастық басқармасы, Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасы, Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы, Америка Құрама Штаттарындағы өкілі, Вашингтон қ.) қызметіне жалпы басшылық жасайды.