Жарияланған күні:

БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОР

(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 7 маусымға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Біліміне қойылатын талаптар. Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі). Ақпараттық технологиялар саласында біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Жұмыс өтілі: ұйымның тиісті саласы бойынша басшылық лауазымда кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілері, оның ішінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының қаулысы, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары және Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидалары;
2) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
3) «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;
4) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ даму стратегиясы мен перспективасы;
5) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік және құқықтық құжат; «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызмет бағытын, ұйымдық құрылымын айқындайтын ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылық материалдар; ақпараттық технологиялардың заманауи құралдары мен оларды қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін қолдану мүмкіндіктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар мен ілімдер: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру; сауатты сөйлеу және тамаша жазу дағдылары; ақпараттық технологиялар, цифрландыру саласындағы мәселелерді, ұйымның бизнес-процесіне цифрлық технологияларды енгізу үшін үдеріс тәсілін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; ІТ стратегияларды әзірлеу және іске асыру; цифрлық тарнсформация технологияларын; цифрлық технологияларға құрылған цифрлық стратегиялар мен бизнес-моделдерді білу; мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібі, оны қорғау және пайдалану; әлеуметтік зерттеулер жүргізу технологиясы; әлеуметтік зерттеулер жүргізу технологиясы; дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу әдістері; цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздікті дамытуда шарттарды (келісімшарттарды) құру және жасасу тәртібін жоспарлау әдістері; бизнеспроцестерді цифрлау, талдау, реинжиниринг және автоматтандыру; іскерлік қарым-қатынас әдебі және іскерлік хат алмасуды жүргізу қағидалары; заманауи техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Қосымша талаптар: талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; шешім қабылдай білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу.