Жарияланған күні:

Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас менеджер-бухгалтері

(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Білімге қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық бойынша курстардан өткені немесе кәсіби сертификаттаудан өткені туралы сертификаттардың болғаны дұрыс.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Шетелде оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура, докторантура) құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 1,5 жыл.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар);
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жарғысы;
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Іскерлік этика кодексі;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ішкі еңбек тәртібінің қағидалары;
  • Басқарма туралы ереже;
  • мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті түрде), шет тілдері (мүмкіндігінше);
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары;
  • жоғары тұрған қаржы және бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты әдістемелік және басқа да материалдары;
  • қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері;
  • ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу қағидалары;
  • ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау, ішкі шаруашылық резервтерін анықтау әдістері;
  • Қоғамның ұйымдық құрылымы және Қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар.

Қажетті базалық құзыреттер, дағдылар мен іскерліктер:

  • жауапкершілік;
  • сенімділік;
  • парасаттылық;
  • кәсібилік;
  • инновациялық;
  • стратегиялық ойлау;
  • күйзеліске төзімділік;
  • ұйымдастыру дағдылары;
  • коммуникативтік дағдылар;
  • консультациялық жұмыс дағдылары;
  • ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының дағдылары;
  • жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары;
  • жағдайды сыни бағалай білу;
  • командада жұмыс істей білу;
  • тұсаукесер өткізе білу;
  • өзгермелі жағдайларға бейімделе білу;
  • деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
  • салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары;
  • электрондық және интернет-банкинг бағдарламасында жұмыс істеу дағдылары.

Басқарманың бас менеджер-бухгалтерінің лауазымдық міндеттері:

  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, оның ішінде стипендиясынан айырылған немесе одан бас тартқан стипендиаттармен талап-арыз жұмысын жүргізу үшін ақпарат беру;
  • Республикалық комиссияның және Стипендиаттардың өтініштерін қарау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамасына сәйкес «Болашақ» стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдарға берешек сомаларын тексеру және есептеу жөніндегі жұмыстарды орындау;
  • банктің үзінділерін тарату;
  • стипендиядан айырылған не одан бас тартқан адамдар, сондай-ақ қаржылық берешегі бар стипендиаттар өтейтін және өтелген қаражатты бюджетке қайтаратын барлық сомалардың мониторингін;
  • 1С Кәсіпорын шаруашылық және стипендиялық базалары арасында 1272 және 3313 шоттарды салыстыру 8.2;
  • бюджетке қайтарылған сомаларды жыл сайынғы салыстырып тексеру, тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен салыстырып тексеру актісіне қол қою (4430, 4440 шоттар);
  • құрылымдық бөлімшелерге «Болашақ» стипендиясынан айырылған не бас тартқан адамдар бойынша есеп беру;
  • 2185 шоттан 2186 шотқа оқуды аяқтаған стипендиаттарды оқытуды ұйымдастыруға арналған шығыстарды ауыстыру;
  • стипендиаттарды (өздерінің шарттық міндеттемелерін орындаған түлектерді) оқытуға жұмсалған сомаларды тексеру және жабу жөніндегі жұмыстарды орындау;
  • Стипендиаттардың авиабилеттері бойынша авиакомпанияның дебиторлық және кредиторлық берешегін бақылау, есепке алу, Стипендиаттардың авиабилеттерін жеткізушілермен әрбір есепті күнге (авиакомпанияларға), 1611 шотқа салыстыру актілерін уақтылы жасау және стипендиаттардың авиабилеттеріне қатысты төлемдерді қалыптастыру;
  • ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, шығындар мен өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептілік деректері бойынша Қоғамның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу;
  • жетіспеушіліктің, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
  • сыртқы және ішкі пайдаланушылар үшін түпкілікті қаржылық есептілікті қалыптастыруға қатысу.