Жарияланған күні:

Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының менеджер-бухгалтері

(Осы бос орынға түйіндемелер 2021 жылғы 12 қарашаға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Білімге қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық бойынша курстарды бітіргені туралы сертификаттар немесе кәсіптік сертификат алғаны жөн.  

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: қаржылық және бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. Шетелде оқуды аяқтаған (магистратура, докторантура) жағдайда кемінде 1 жыл.  

Міндеттері:
- негізгі құралдарды есепке алу, есептен шығару (бұдан әрі - НҚ) 2410 шоты, материалдық емес активтер (бұдан әрі - МЕА) 2730 шоты және Компанияның 1310 шотындағы тауарлық-материалдық құндылықтар (бұдан әрі - ТМҚ) шоты, НҚ,МЕА және ТМҚ түгендеу тізімдемесін жасау;
- қоғамның балансындағы НҚ мен МЕА үшін амортизация есептеу;
- өзге ұйымдардың қызметтерін есепке алу;
- дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу және бақылау (әкімшілік-шаруашылық қызметіндегі);
- дебиторлық және кредиторлық берешектерді түгендеу тізімдемелерін өткізу;
- коммерциялық және маркетингтік жобаларды және Қоғамның басқа кірістер бөлігіне байланысты операцияларды есепке алу, жүргізу;
- Esf.gov.kz веб-сайтында электронды шот-фактураларды беру және алу;
- қосымша құн салығы (300.00-нысаны), қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем (870-нысаны), төлем көзінен кірісті есептеу (101.04-нысаны) бойынша заңнамада белгіленген мерзімде салық есептілігін уақытылы құру және ұсыну, оларды бюджетке аударуға арналған өтініштер беру;  

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:
- кеңес беру дағдылары (білгені жөн);
- жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу;
- өзгермелі жағдайларға бейімделу мүмкіндігі (болғаны жөн);
- үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс жасай білу;
- тәжірибелі ДК пайдаланушысының дағдылары, кеңсе жабдықтары, жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу;
- топта және өз бетінше жұмыс істей білу; - MS Office дағдылары (болғаны жөн);
- электрондық құжат айналымы жүйесіндегі дағдылары (болғаны жөн) ;
- салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламаларымен жұмыс;
- электронды және интернет-банкинг бағдарламасы бойынша дағдылары (болғаны жөн).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; мемлекеттік тілде іс жүргізу; мемлекеттік, орыс тілдері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру, сондай-ақ ұйымның экономикалық және қаржылық қызметі туралы жоғары, қаржылық және бақылау және тексеру органдарының әдістемелік және басқа материалдары; қаржылық, салықтық, әкімшілік және экономикалық заңнамалар, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері; ұйымның құрылымын білу; ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ережелері мен нұсқаулықтары, оны жүргізу ережелері; операцияларды тіркеу және бухгалтерлік есеп саласындағы құжаттар айналымын ұйымдастыру тәртібі, қаржылық есеп айырысудың нысандары мен тәртібі; шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтай отырып, ұйымның экономикалық және қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістері; халықаралық қаржылық есептілік стандарттары.