Жарияланған күні:

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕР-БУХГАЛТЕРІ

(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Білімге қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық бойынша курстарды бітіргені туралы сертификаттар немесе кәсіптік сертификат алғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: қаржылық және бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. Шетелде оқуды аяқтаған (магистратура, докторантура) жағдайда кемінде 1 жыл.

Міндеттері:

  • негізгі құралдарды есепке алу, есептен шығару (бұдан әрі - НҚ) 2410 шоты, материалдық емес активтер (бұдан әрі - МЕА) 2730 шоты және Компанияның 1310 шотындағы тауарлық-материалдық құндылықтар (бұдан әрі - ТМҚ) шоты, НҚ, МЕА және ТМҚ түгендеу тізімдемесін жасау;
  • Қоғамның балансындағы НҚ мен МЕА үшін амортизация есептеу;
  • өзге ұйымдардың қызметтерін есепке алу;
  • дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу және бақылау (әкімшілік-шаруашылық қызметіндегі);
  • дебиторлық және кредиторлық берешектерді түгендеу тізімдемелерін өткізу;
  • контрагенттермен салыстыру есептерін дайындау және оларға қол қою;
  • есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу, есеп берушілер бойынша берешекті бақылау, есеп берушілердің есеп беру мерзімін бақылау және пайдаланылмаған қаражат қалдығын қайтару, есепке қоса берілген растаушы құжаттарды қабылдау және тексеру, есеп берушілермен есеп айырысуларға түгендеу жүргізу;
  • коммерциялық және маркетингтік жобаларды және Қоғамның басқа кірістер бөлігіне байланысты операцияларды есепке алу, жүргізу;
  • Esf.gov.kz веб-сайтында электронды шот-фактураларды беру және алу;
  • қосымша құн салығы (300.00-нысаны), қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем (870-нысаны), төлем көзінен кірісті есептеу (101.04-нысаны), көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу (701.00-нысаны) бойынша заңнамада белгіленген мерзімде салық есептілігін уақытылы құру және ұсыну, оларды бюджетке аударуға арналған өтініштер беру;

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:

  • кеңес беру дағдылары (білгені жөн);
  • жағдайды сыни тұрғыдан бағалау мүмкіндігі (болғаны жөн);
  • өзгермелі жағдайларға бейімделу мүмкіндігі (болғаны жөн);
  • үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс жасау мүмкіндігі (жоғары деңгейде болғаны жөн);
  • тәжірибелі ДК пайдаланушысының дағдылары, кеңсе жабдықтары, жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу;
  • топта және өз бетінше жұмыс істей білу; MS Office дағдылары (болғаны жөн);
  • электрондық құжат айналымы жүйесіндегі дағдылары (болғаны жөн) ;
  • салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламалары (жұмыс жасай білу керек);
  • электронды және интернет-банкинг бағдарламасы бойынша дағдылары (болғаны жөн).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары; «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; мемлекеттік тілде іс жүргізу; мемлекеттік, орыс тілдері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру, сондай-ақ ұйымның экономикалық және қаржылық қызметі туралы жоғары, қаржылық және бақылау және тексеру органдарының әдістемелік және басқа материалдары; қаржылық, салықтық, әкімшілік және экономикалық заңнамалар, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері; ұйымның құрылымын білу; ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ережелері мен нұсқаулықтары, оны жүргізу ережелері; операцияларды тіркеу және бухгалтерлік есеп саласындағы құжаттар айналымын ұйымдастыру тәртібі, қаржылық есеп айырысудың нысандары мен тәртібі; шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтай отырып, ұйымның экономикалық және қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістері; халықаралық қаржылық есептілік стандарттары.