Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 30 шілдеге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімге қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық бойынша курстарды бітіргені туралы сертификаттар немесе кәсіптік сертификат алғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: қаржылық және бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. Шетелде оқуды аяқтаған (магистратура, докторантура) жағдайда кемінде 1 жыл.
Міндеттері:
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары; «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; мемлекеттік тілде іс жүргізу; мемлекеттік, орыс тілдері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру, сондай-ақ ұйымның экономикалық және қаржылық қызметі туралы жоғары, қаржылық және бақылау және тексеру органдарының әдістемелік және басқа материалдары; қаржылық, салықтық, әкімшілік және экономикалық заңнамалар, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері; ұйымның құрылымын білу; ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ережелері мен нұсқаулықтары, оны жүргізу ережелері; операцияларды тіркеу және бухгалтерлік есеп саласындағы құжаттар айналымын ұйымдастыру тәртібі, қаржылық есеп айырысудың нысандары мен тәртібі; шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтай отырып, ұйымның экономикалық және қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістері; халықаралық қаржылық есептілік стандарттары.