Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемені 2022 жылғы 20 сәуірге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Біліміне қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласында білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі). Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, даму жоспарын орындау бойынша есепті қалыптастыру, жыл сайынғы және жарты жылдық нақтылау және түзету бойынша оқытудан өту сертификатының болуы міндетті.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: квазимемлекеттік сектор субъектілерінде/шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында қаржы-экономикалық жұмыстағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажет білім: мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; Қоғам Жарғысы, Бюджеттік жоспарлау және қаржы қызметін талдау басқармасы туралы ереже және Қоғам қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормалары мен қағидалары.
Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажет білім мен дағдылар: даму жоспарларын, даму жоспарының орындалуы бойынша есепті әзірлеу, бекіту, «gosreestr.kz» ақпараттық жүйесінде даму жоспарын жыл сайынғы және жартыжылдық нақтылау және түзету бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі; ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; консультациялық жұмыс жүргізу дағдылары; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; мән-жайды сыни бағалай білу, өзгеретін жағдайларға бейімделу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу.
Лауазымдық міндеттері:
• Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдері мен өзге де ақпараты негізінде Қоғамның бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын әзірлеу/нақтылау, қалыптастырылған деректерді мемлекеттік мүлік тізілімінің бағдарламалық өніміне енгізу (https://www.gosreestr.kz );
• тиісті қаржы жылы үшін Қоғамның даму жоспарының орындалуы туралы есепті дайындау, қалыптастырылған деректерді мемлекеттік мүлік тізілімінің бағдарламалық өніміне енгізу (https://www.gosreestr.kz);
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының 101 «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдегі жоғары оқу орындарында мамандар даярлау» кіші бағдарламасы бойынша үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру/нақтылау;
• тиісті қаржы жылына Қоғамның шетелдегі Өкілдіктерінің шығыстар сметасын жасау/нақтылау, Қоғамның тиісті қаржы жылына бекітілген Даму жоспары шеңберінде Қоғамның шетелдегі Өкілдіктерінің қызметін қаржыландыру, ай сайынғы есептерді тексеру және Қоғамның шетелдегі өкілдіктері жүргізетін шығыстарға мониторинг жүргізу;
• «Болашақ» бағдарламасын басқаруға қатысты міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын қалыптастыру және оған өзгерістер енгізу;
• Қоғамның стратегиялық және қаржылық көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізу;
• Қоғамның қаржы қызметінің нәтижелерін талдау;
• Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның ішкі құжаттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
• аудиторлар, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және басқа да органдар жүзеге асыратын тексерулерге қатысу;
• Қоғам Жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.