Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемені 2022 жылғы 20 сәуірге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Біліміне қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласында білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: қаржы-экономикалық жұмыстағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл (білім беру ұйымдарында болғаны жөн).
Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажет білім: мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығы, Бюджеттік жоспарлау және қаржы қызметін талдау басқармасы туралы ереже және Қоғам қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормалары мен қағидалары.
Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажет білім мен дағдылар: ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; консультациялық жұмыс жүргізу дағдылары; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; мән-жайды сыни бағалай білу, өзгеретін жағдайларға бейімделу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу.
Лауазымдық міндеттері:
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының 101 «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдегі жоғары оқу орындарында мамандар даярлау» кіші бағдарламасы бойынша үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыруға/нақтылауға қатысу;
• оқуды ұйымдастыру/тағылымдамадан өту шарттарына/қосымша келісімдерге, оларды енгізу үшін «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқуға арналған болжамды шығыстардың есептеулері;
• «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде академиялық оқудың, тілдік және магистратура алдындағы дайындықтың, тағылымдамалардың орташа құнын растайтын құжаттармен бірге есептеу;
• Қоғамның өз және бірлескен білім беру жобаларын іске асыруына арналған есептеулерімен кірістер мен шығыстар сметасын дайындау (халықаралық білім беру көрмелерін өткізу, өзге де коммерциялық қызмет);
• Қоғамның стратегиялық және қаржылық көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізу;
• Қоғамның қаржы қызметінің нәтижелерін талдау;
• Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның ішкі құжаттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
• Қоғам Жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.