Жарияланған күні:
(Осы бос лауазымға түйіндеме 2023 жылғы 21 маусымға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштаға қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).
Білімі: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң немесе экономикалық білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтілі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулыларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары; Қоғам Жарғысы, Ережесі, Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар; мемлекеттік және орыс тілдері; мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормалары мен қағидаларын.
Дағдылар: консультация жүргізу жұмысы; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; командада және өз бетінше жұмыс істеу; талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдысы болу; келіссөздер жүргізе білу; талдамалық, іскерлік және коммуникативтік қабілеттері болу.
Қосымша талаптар: жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу; командада және өз бетінше жұмыс істеу.