Жарияланған күні:

Бюджеттік жоспарлау және оқуды қаржыландыру басқармасының Бюджеттік жоспарлау жөніндегі бас менеджері

(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 23 тамызға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет)

Білімге қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласында білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі). Тиісті мамандық бойынша курстардан немесе кәсіби сертификаттаудан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: қаржы-экономикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда жұмыс өтілі құрылымдық бөлімше қызметіндегі бейін бойынша кемінде 1 жыл.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі бас маманға қойылатын негізгі талаптар:

  • бюджеттік өтінімді қалыптастыру/нақтылау;
  • тиісті қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жеке жоспарын жасау;
  • тиісті қаржы жылына Қоғамның шетелдегі Өкілдігінің шығыстар сметасын құру/нақтылау;
  • Қоғамның стратегиялық жіне қаржылық көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізу;
  • Қоғамның қаржы қызметінің нәтижелерін талдау;
  • Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу;
  • аудиторлар жүргізетін тексерістерге қатысу;
  • Басқарма сұрақтары бойынша жұмыс жоспарын орындау.

және лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білік:
деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; мемлекеттік және орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу дағдысы; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; қыин жағдайда шешім қабылдау дағдысы; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдысы, командада және өз бетінше жұмыс істеу.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; мемлекеттік және орыс тілдерін; шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулыларын және басқа да нормативтік құқықтық актілері.