Жарияланған күні:

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас менеджер-аналитик

(Осы бос лауазымға түйіндеме cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Түйіндемені хатта жіберу кезінде сіз өтінім беріп отырған бос лауазымның толық атауын көрсетуіңіз керек).

Біліміне қойылатын талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Сертификаттардың болғаны жөн (Бизнес талдаушысы, жүйе талдаушысы).

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде бітірген жағдайда кемінде 1 жыл.

Білім беру және мемлекеттік қызметтер саласындағы ІТ-жобалардағы жұмыс тәжірибесі басымдыққа ие болады.

Қажетті білім мен дағдылар:

  • Мемлекеттік және орыс тілін еркін меңгеру, шет тілдерін білгені жөн.

  • АКТ және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері.

  • Бизнес-процестер: процестің қазір қалай жұмыс істейтінін (AS IS) және оның қалай құрылуы керектігін (TO BE) көру, осы жағдайлардың арасындағы айырмашылықты түсіну. Бизнес-процестерге реинжиниринг жүргізу.

  • Техникалық құжаттаманы жазу (Міндеттер қою, Техникалық тапсырмалар, БЖТЕ).

  • Сұхбат жүргізе алу және бизнес-процесс иелерімен қарым-қатынас жасау.

  • Бизнес-процестерді құру нотацияларын білу: BPMN, UML және EPC.

  • Жобаларды басқару әдістемесін білу: Agile, Waterfall.

  • SQL негіздерін білу.

  • Ақпаратты құрылымдай алу, өзара байланыс іздеу және тұтас картинаны «егжей-тегжейлі» көре алу.

  • Адамдармен қарым-қатынас және эмпатия. Бизнес-процесс иелерінің ауыртпалықтары мен уәждемелерін түсіне білу, проблемаларды әртүрлі қырынан көру.

  • Сыни ойлау: дәлелдер келтіру, логикалық тізбектер құру және қалай жақсы істеу керектігін үнемі ойлап жүру. Бизнес-процестерді автоматтандыру.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қоғамның ақпараттық жүйелеріндегі істен шығулар бойынша деректерді жинау және өңдеу.

«Болашақ» стипендиялық бағдарламасының ақпараттық жүйесін әкімшілендіру (КАЖ еБолашақ).

Конкурс өткізу платформасының ақпараттық жүйесін әкімшілендіру.

Резервтік көшіру нұсқаулығына сәйкес деректерді сақтау.

Ақпараттық жүйелердің техникалық және қолданбалы әкімшіленуі.

Деректердің резервтік көшірмесін сақтау саясатын әзірлеу.

Ақпараттық жүйелерге қатысты ішкі құжаттарды әзірлеу.

Мәліметтер көлемінің өсуіне байланысты бос дискілік кеңістікті бақылау.

Бизнес-процестерді автоматтандыру үшін ақпараттық жүйелерді әзірлеу және дамыту.

Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Құжат айналымы процестерін автоматтандыру.

Қоғамның деректер базасына сенімді ақпарат енгізу.

Ақпараттық жүйелерді жетілдіру және жаңғырту ұсыныстарын әзірлеу.

IT-шешімдерді енгізуге қатысу.

Қол жеткізу деңгейлерін басқару.

Ақпараттық жүйелер мен деректер базасының техникалық және нормативтік құжаттамасын әзірлеу.

Қоғамда туындаған ИТ-мәселелер туралы құрылымдық бөлімшелер мен жеткізушілерге хабарлау және оларды жоюға қатысу.