Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас менеджер-әзірлеушісі
(Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz поштасы арқылы қабылданады. Түйіндеме жіберген кезде хатта бос лауазымның толық атауын міндетті түрде көрсету керек).
Білімге қойылатын талаптар:
ақпараттық технологиялар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі және біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттарының болуы құпталады.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Шетелде білім алған жағдайда (магистратура, докторантура) кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе Қоғамдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (халықаралық «Болашақ» стипендиясына қатысты нормалар); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы; Қазақстан Республикасының «Информаттандыру туралы» заңы; Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңы; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңы; Қоғамның жарғысы; мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шетел тілдері (құпталады); еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік стандарттары; ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқару әдіснамалары мен қағидаттары; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдіснамалары, қағидаттары мен құралдары; «электрондық үкіметтің» негіздері мен қағидаттары және даму тұжырымдамалары.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар:
стратегиялық ойлау; ұйымдастырушылық дағдылар; коммуникативтік дағдылар; кеңес беру дағдылары; компьютерді және кеңсе техникасын тәжірибелі қолдану дағдылары; жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалау қабілеті; командада жұмыс істей білу; презентация жүргізе білу; өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу қабілеті; ұйымның бизнес-процестерін зерттеу, сипаттау және модельдеу дағдылары; ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстарды әзірлеу және дамыту дағдылары; бағдарламалау дағдылары.
Қосымша талаптар: жауапкершілік:
сенімділік; адалдық; кәсібилік; күйзеліске төзімділік; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу қабілеті; аналитикалық және іскерлік қабілеттер; ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру қабілеті.