Жарияланған күні:

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас менеджері

Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндеме жіберу кезінде хатта міндетті түрде үміткер болып отырған бос лауазымның толық атауы көрсетілуі тиіс.

Білімге қойылатын талаптар:

  • ақпараттық технологиялар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

  • мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі кемінде 3 жыл. Шетелде (магистратура, докторантура) оқуды аяқтаған жағдайда – кемінде 1 жыл еңбек өтілі немесе Қоғамда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (халықаралық «Болашақ» стипендиясына қатысты нормалар); «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Информатизация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қоғамның жарғысы; мемлекеттік және орыс тілдерін білу (міндетті), шетел тілдерін білу (қалаулы);еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары; ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқару әдістемелері мен принциптері; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістемелері, принциптері мен құралдары; «электрондық үкімет» жұмысының негіздері мен қағидаттары, сондай-ақ оның даму тұжырымдамасы.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен іскерліктер:

  • стратегиялық ойлау қабілеті; ұйымдастырушылық дағдылар; коммуникациялық қабілеттер; кеңес беру дағдылары; дербес компьютер мен кеңсе техникасын сенімді пайдалану;жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалау қабілеті; командада жұмыс істей білу;презентация өткізу дағдылары; өзгермелі жағдайларға бейімделе білу;үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеу қабілеті; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; ұйымның бизнес-процестерін зерттеу және сипаттау дағдылары; дерекқорларды әзірлеу және жетілдіру дағдылары; ұйымның жергілікті есептеу желісін, корпоративтік пошта қызметтерін ұйымдастыру қабілеті; желілік және серверлік жабдықтың жұмысын ұйымдастыру; бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық қолдау көрсету дағдылары.

Қосымша талаптар:

  • жауапкершілік; сенімділік; адалдық; кәсібилік; күйзеліске төзімділік; ынтымақтастық орната білу және келіссөздер жүргізу қабілеті; талдамалық және іскерлік қабілеттер; ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру іскерлігі.