Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 13 маусымға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімі: ақпараттық технологиялар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Жұмыс өтілі: мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулыларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын; «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын; Қоғам жарғысын, ережесін, мемлекеттік және орыс тілдерін; шет тілі (білгені жөн); Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары; «электрондық үкімет» жұмысының негіздері мен қағидаттары және ЭҮ даму тұжырымдамасы; бағдарламалық жасақтаманың жетекші әлемдік әзірлеушілер (вендорлар) желілерінің негізгі өнімдері, олардың айырмашылықтары және басымдықтарын; ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын; ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқарудың әдіснамалары мен қағидаттары; ұйымның бизнес-процестерін зерттеу, талдау, сипаттау, ресімдеу және модельдеу әдіснамалары; бағдарламалаудың негіздері мен қағидаттары.
Дағдылар: мемлекеттік және орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; АЖ функционалын толыққанды және сапалы тестілеуді жүргізу қабілеті; ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқару дағдылары; ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен дамыту және сипаттау дағдылары; талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; деректер базасын әзірлеу және дамыту дағдылары; бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту дағдылары; бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық қолдау дағдылары; әзірлеу дағдылары, жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, өзгермелі жағдайларға бейімделу дағдылары; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу дағдылары; командада және өз бетінше жұмыс істеу дағдылары.
Қосымша талаптар: жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу; командада және өз бетінше жұмыс істеу.