Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндеме жіберу кезінде хатта міндетті түрде үміткер болып отырған бос лауазымның толық атауы көрсетілуі тиіс.
Білімге қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық немесе әлеуметтік білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны дұрыс.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар); білім туралы тиісті құжатпен (отандық/шетелдік) не шет тілінің тиісті деңгейін растайтын сертификатпен расталған мемлекеттік және орыс тілдері, ортадан жоғары деңгейдегі шет тілі; Қоғамның жарғысы; «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары; шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен іскерліктер:
стратегиялық ойлау; ұйымдастыру дағдылары; коммуникативтік дағдылар; консультациялық жұмыс дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының дағдылары; жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; презентация өткізе білу; іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу дағдылары; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; Қоғам қызметінің тиісті саласында ұйымдастыру жұмысы, іс-шараларды дайындау және өткізу дағдылары.
Қосымша талаптар:
жауапкершілік; сенімділік; парасаттылық; кәсібилік; күйзеліске төзімділік; жағдайды сыни бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу; командада және өз бетіменжұмыс істеу.