Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемені 2022 жылғы 21 қаңтарға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе заңтану саласында жоғары кәсіби білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны дұрыс.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: аудиторлық қызмет және/немесе бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім:
1) ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңдары;
2) білім және ғылым саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер;
3) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
4) Халықаралық аудит стандарттары;
5) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
6) «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;
7) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті ілім мен дағдылар:
1) кеңес беру жұмысы дағдылары;
2) жағдаятты сыни бағалай білу;
3) өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделе білу;
4) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
5) күрделі жағдайларда шешім қабылдай алу, көшбасшылық;
6) ауызша және жазбаша коммуникация;
7) заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
8) ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу;
9) командада және дербес жұмыс істей алу;
10) аналитикалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдылардың болуы;
11) ынтымақтастық дамыта білу, келіссөздер жүргізу;
12) аналитикалық, іскерлік және коммуникативтік қабілеттер.
Лауазымдық міндеттері:
1) Қоғамның және оның ақпараттық жүйелерінің корпоративтік басқару, операциялық (өндірістік және қаржылық) қызметі саласындағы тәуекелдерді ішкі бақылаудың тәуекелдерін, барабарлығын және тиімділігін бағалау, оның ішінде:
2) белгіленген тәртіпте Қоғамда ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігіне бағалау жүргізу;
3) белгіленген тәртіпте Қоғамда тәуекелдерді басқару жүйесіне бағалау жүргізу;
4) алаяқтық жасау тәуекелін бағалау және Қоғамдағы алаяқтық тәуекелін басқарудың тиімділігі, бұл ретте алаяқтық фактілерін анықтау және тергеу ішкі аудитордың функциясы емес. Ішкі аудитор алаяқтық фактілерін тергеуге кеңесші/бақылаушы ретінде қатысуы мүмкін және тергеу нәтижелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жауап бермейді;
5) Қоғамда тәуекелдерді бағалау әдіснамасы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін қолдану толықтығы мен тиімділігін бағалау;
6) тәуекелдермен және ішкі бақылаумен байланысты мәселелер бойынша тиісті органдар мен Қоғам бөлімшелерінің ақпарат алу тиімділігін бағалау;
7) Қоғамда қабылданған корпоративтік басқару қағидаттарын, тиісті әдеп стандарттары мен құндылықтарды енгізу мен сақтауды бағалауды қоса алғанда, Қоғамдағы корпоративтік басқару жүйесіне белгіленген тәртіпте бағалау (диагностика) жүргізу;
8) аутсорсинг немесе косорсингті тарта отырып, Қоғамның ақпараттық жүйелеріне белгіленген тәртіпте аудит жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі құжаттары талаптарының қадағалануын тексеру, сондай-ақ уәкілетті және қадағалау органдарының нұсқауларын, Қоғам органдарының шешімдерін орындау және осы талаптарды сақтау мақсатында құрылған жүйелерді бағалау;
10) Директорлар кеңесінің, Атқарушы орган мен Қоғам қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және инсайдерлік ақпарат пен сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты ішкі құжаттарды сақтауын тексеру, әдеп нормаларын сақтау;
11) Қоғам бөлімшелерінің алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолданатын шаралардың барабарлығын бағалау;
12) Халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес ішкі аудитордың қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
13) Директорлар кеңесіне, Атқарушы органға және Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне тәуекелдерді басқаруға, корпоративтік бақылау мен ішкі аудитті ұйымдастыруға ішкі бақылауды ұйымдастыру және жетілдіру мәселелері бойынша, сондай-ақ ішкі аудитордың құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша кеңес беру;
14) Қоғамның ішкі аудитордың ұсыныстарын орындауына мониторинг жүргізу;
15) белгіленген тәртіпте берілген ішкі аудитордың ұсыныстарының орындалуына келесі бақылау жүргізу;
16) өз құзыреті шегінде ішкі аудиторға жүктелген басқа да функцияларды атқару.