Жарияланған күні:
Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 16 ақпанға дейін (қоса алғанда) cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.
Біліміне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі және іс қағаздарын жүргізу бойынша біліктілік курсынан өткені туралы сертификаты болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: іс қағаздарын жүргізу бойынша кемінде 4 жыл, шетелде оқуын (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда жұмыс өтілі – кемінде 2 жыл.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім: және орыс тілдері (міндетті түрде); шет тілі (мүмкіндігінше); Қазақстан Республикасының Конституциясы; Азаматтық кодексі; Еңбек кодексі; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым мен білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да басшылық және нормативтік құқықтық құжаттары; Қоғамды дамыту стратегияялары мен перспективалары; мемлекеттік қызмет көрсететін стандарттар мен регламенттер; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын ұйымдастыруды басқару туралы ережелер.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар: стратегиялық ойлау, күйзеліске тұрақтылық, күрделі жағдайда жылдам бағдарлай білу және даулы жағдайларды шеше білу; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; басшылық дағдыларын меңгеру; командада және өз бетінше жұмыс істей білу; мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді жүргізу; ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу.