Жарияланған күні:

КАДРЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 9 қазанға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Білімге қойылатын талаптар: Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық немесе заң білімі. Тиісті мамандық бойынша курстардан немесе кәсіби сертификаттаудан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Жұмыс өтілі: кадрларды басқаруды ұйымдастыру бойынша кемінде 5 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 2 жыл немесе Қоғамдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Міндеттері:
1) Басқарма жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
2) Басқарма жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауын бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың (құжат айналымы, архив және т.б.) құзыреті шеңберінде ішкі нормативтік құжаттардың уақтылы жаңартлуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
4) Басқарма қызметі туралы есептерді, Басқарма қызметін жақсарту жөнінде және Басқарма қызметіне қатысты әдістемелік және құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау, негіздеу, Басқарма төрағасымен келісу және белгіленген тәртіппен ұсыну;
5) Басқармада іс жүргізуді, мұрағатты ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету және оның жүргізілуін бақылау;
6) Басқарма жұмыскерлерінің лауазымы мен біліктілігін ескере отырып, олардың функционалдық міндеттерінің мазмұны мен көлемін айқындау;
7) кадрларды құрылымдық бөлімшелер ішінде орналастыруды жүзеге асыру;
8) Басқарманың ұйымдастырушылық құрылымына және штат кестесіне өзгерістер/толықтырулар енгізу;
9) Басқармада еңбек және атқарушылық тәртіпті ұйымдастыру мен нығайтуды жақсарту бойынша жұмыс жүргізу; 10) Басқарма жұмыскерлері орындаған жұмыстардың сапасын бағалауды жүзеге асыру; 11) келіп түсетін және жөнелтілетін хат-хабарларды уақтылы өңдеуді, оны мақсаты бойынша жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
12) құжатты орындау мерзімін және олардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
13) ағымдағы іс жүргізу құжаттарын тіркеу, есепке алу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
14) құжаттармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді бақылау;
15) Қоғамның істер номенклатурасын уақтылы жасауды ұйымдастыру және бақылау;
16) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін қамтамасыз ету; 17) өз құзыреті шегінде Қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
18) Қоғамның ішкі бұйрықтарын (жеке құрам бойынша бұйрықтарды қоспағанда) тіркеуге, есепке алуға және сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
19) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивін жинақтау көздері болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдаланудың үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіпке сәйкес іс жүргізумен аяқталған құжаттар мен істердің құрылымдық бөлімшелерінен Қоғам архивіне сақтауға келіп түскен құжаттарға мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары: Мемлекеттік және орыс тілінде іс жүргізу; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу алу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдысы; кеңе беру дағдысы, көшбасшылық, қиын жағдайларда шешім қабылдай білу; заманауи технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдысы. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; мемлекеттік және орыс тілі, шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрықтары және білім мен ғылым саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілер және т.б.