Жарияланған күні:
Осы бос орынға түйіндеме 2024 жылғы 28 қаңтарға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz. электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені хатта берген кезде міндетті түрде үміткер бос лауазымның толық атауын көрсетуіңіз керек
Біліміне қойылатын талаптар: жоғары білім. Тиісті мамандығы немесе кәсіптік сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 2 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда талап қойылмайды.
Негізгі функционалдық міндеттері:
• өз құзыреті шегінде Қоғам қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжатты әзірлеу, өзгерістер/толықтырулар енгізу;
• Қоғамның Конкурстық және Тәртіптік комиссиялары хатшысының функцияларын орындау;
• құрылымдық бөлімшелердің ұсынған өтінімдері бойынша персоналды іздеуді және іріктеуді жүзеге асыру;
• жаңа жұмыскерлерді лауазымға кірістіру және бейімдеу бойынша іс-шаралар өткізу (Қоғаммен танысу, нұсқама беру, ішкі нормативтік құжатпен танысу);
• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кадрлық іс жүргізуді, персоналды есепке алуды, кадрлардың тұрақтамауын және Қоғам жұмыскерлерінің сапалық құрамына талдау жүргізу;
• Қоғам жұмыскерлерінің тізімдік және нақты саны, кадрлардың айналым деңгейі бойынша есептілік жасау;
• еңбек шарттарын жасау және ресімдеу, жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу;
• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдеу (қабылдау, жұмыстан шығару, демалыстың барлық түрлерін беру, тәртіптік жаза қолдану/алу);
• еңбек шарттарын жасасу және бұзу туралы ақпаратты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет білім: мемлекеттік және орыс тілін (міндетті); шет тілін (білгені жөн); Қазақстан Республикасының Конституциясын; Азаматтық кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексін; Қоғам Жарғысын; Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да басқарушы және нормативтік құқықтық құжатты; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережесі мен нормаларын білу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет дағды мен ілім: күйзеліске тұрақтылық, қиын жағдайда жылдам әрекет жасау және қақтығыстарды шеше алу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдысы; командада және өз бетімен жұмыс істей білу; мемлекеттік және орыс тілінде іс жүргізу дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйеге келтіру, есепке алу және жүргізу дағдысы; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу.