Кадрларды дамыту және құжат айналымы басқармасының менеджері (архивариус) (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне)
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 7 қазанға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 2 жыл.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен Қоғам архивіне сақтауға келіп түскен құжаттар мен істерді қабылдау және есепке алу;
Қоғам архивіне кеп түскен құжаттарды сақтау және сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған құжаттарды сақтау және Ұлттық архивке мемлекеттік сақтауға беру мерзімдері өткен істер тізімдемелерін, құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді және істерді ұсыну кестелерін әзірлеу және Ұлттық архивпен келісу;
сақтау мерзімі тұрақты және уақытша бірліктердің жиынтық тізімдемелерін, сондай-ақ сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығаруға және жоюға құжаттарды мемлекеттік сақтауға беруге арналған актілерді дайындау;
ұйымдардың сұраныстарын және азаматтардың өтініштерін орындау, белгіленген тәртіпте архивтік көшірмелер мен құжаттарды беру, Қоғам архивінің құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажет анықтамаларды жасау, архивтік анықтамаларды жүргізу үшін қажет құжаттардың орналасқан жері бойынша ұйымдарға, жеке тұлғаларға кеңес беру, Қоғам архивінің жұмысы туралы есептілікті жасау үшін деректер дайындау;
Қоғам архивінде сақталатын құжаттардың пайдаланылуын есепке алу;
Қоғамның істер номенклатурасын әзірлеу және Қоғамның істер номенклатурасын жасау және мақұлдау бойынша сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру;
Қоғам архивінде сақталатын құжаттардың құндылығын сараптау бойынша Ұлттық архивпен бірлесіп жұмысты ұйымдастыру;
Қоғамның іс жүргізушілеріне құрылымдық бөлімшелердің істер номенклатурасын құрастыруда әдістемелік көмек көрсету, іс жүргізуде істердің дұрыс қалыптасуы мен ресімделуін тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ Қоғам архивіне істерді сақтау үшін тапсыруға дайындығын бақылау;
қазіргі архивке құжаттарды қалыптастыру бойынша автоматтандырылған жүйенің енгізілуін және пайдаланылуын қадағалау.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет дағдылар мен біліктер:
жауапкершілік;
мұқияттылық;
күйзеліске тұрақтылық;
мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізе білу;
компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы.