КЕПІЛ ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚ-ТАЛАП ҚОЮ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ
(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).
Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі). Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Шетелде оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура, докторантура) құрылымдық бөлімшенің қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім:
ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңдарын;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын және білім және ғылым саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын жетік білу.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;
шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері;
қазақ, орыс тілдерін;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:
кеңес жүргізу дағдылары;
жағдайды сыни бағалау;
өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделу;
деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
көшбасшы бола білу, күрделі жағдайларда шешім қабылдай алу;
ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау;
қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу;
командада және дербес жұмыс істеу;
талдау құжаттарын, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдылардың болуы;
ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу;
талдамалық, іскерлік және коммуникативтік қабілеттер.
Лауазымдық міндеттері:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Қоғамның мүдделерін білдіру немесе кілі ретінде әрекет ету;
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның қарауы үшін материалдар дайындау;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурс жеңімпаздарымен оқуды ұйымдастыруға арналған шарттар, жылжымайтын мүлік кепілі, кепілдіктер және оларға қосымша келісімдер жасасу бойынша жобаларды дайындау және өзге де жұмыс;
Қоғам мен заңнамада белгіленген мерзімде кепіл заттарынан ауыртпалықтарды алу үшін қажетті құжатты дайындау;
Стипендиаттың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында берілген кепіл затын Қоғам белгілеген мерзімде ауыстыру туралы өтініштерді қарау;
хаттарды, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өтініштерін, депутаттық сауалдар мен азаматтардың өтініштерін, құрылымдық бөлімшелердің сауалдарын қарау, олар бойынша жауаптар мен қорытындылар дайындау;
Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеу және орындау;
Басқарма қызметінің бағыты бойынша есептер дайындау;
Қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
Қоғам Жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.