(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы1 шілдеге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: Білімі жоғары (заң немесе қаржылық-экономикалық болғаны жөн); парақорлықпен, күрес менеджментінің жүйесі, комплаенс (ISO 37001, FRM/ PRM/ ICA International Diploma in Compliance және басқа) саласында халықаралық сертификаты болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс/тәуекел-менеджмент саласындағы практикалық өтілі кемінде 3 (үш) жыл (заңды қолдау, тәуекел менеджменті бөлімшелерін қоса алғанда, егер арнайы комплаенс қызметі болмаған жағдайда комплаенс-офицер – әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын осындай бөлімшелер жүзеге асырған болса).
Лаузымдық міндеттерді атқару үшін қажет білім мен дағдылар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар),
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары.
Лаузымдық міндеттерді атқару үшін қажет дағды мен ілім:
кеңес беру жұмысы дағдылары;
жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдысы;
жағдайды сыни бағалай білу;
командада және өз бетінше жұмыс істей білу;
өзгермелі жағдайларға бейімделу;
деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
объективтілік және турашылдық;
көшбасшылық дағдысы, қиын жағдайларда шешім қабылдай білу;
ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу.
Должностные обязанности:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу жөнінде шаралар (профилактика);
ішкі комплаенс-рәсімдерді стандарттау;
Қоғамның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізу және бақылау жасау; есептер дайындау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы сұрау сауалдарын қарау, Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне, Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдепті сақтау саласындағы ішкі актілеріне қатысты әдістемелік және құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен бірлесіп, Қоғамның актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын жүзеге асыру;
Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы және этикалық нормаларды сақтауын мониторингтеу және бақылау;
Қоғам президентіне стипендиаттармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау мүмкіндігімен байланысты тәуекелдерді барынша азайту және жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
бұзушылықтардың алдын алу – Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың жасалуын ескертуге бағытталған шаралар кешенін жүргізу;
өз бастамасымен, сондай-ақ Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, стандарттардың, заңнамасының нормалары мен қағидаттарын бұзған жағдайдағы өтініштер мен шағымдар бойынша қарау;
Қоғамның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің лауазымдық функциялары мен міндеттерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды қабылдауын бақылау;
Қоғам председательдің тапсырмасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша Қоғамға жұмысқа орналасатын адамдар ұсынған құжаттар мен мәліметтердің, олардың дипломдары мен сертификаттарын қоса алғанда, дәйектілігі бойынша тексерулерді жүзеге асыру, шешімдер қабылдау үшін осындай тексерулердің нәтижелерін Қоғам председательдің назарына жеткізу;
Қоғам председательдін тапсырмасы, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің, жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қоғамның лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұсынатын қызметтік мәліметтер мен құжаттардың төлнұсқалығын тексеруді жүзеге асыру; шешімдер қабылдау үшін осы тексерудің нәтижелерін Қоғам председателіне назарына жеткізу;
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің, жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қарым-қатынас этикасын бұзуына байланысты өтініштері мен шағымдары өздеріне қатысты өтініштер мен шағымдар болған адамдармен әңгімелесу арқылы Қоғам председательдің тапсырмасы бойынша бастамашылық тәртіппен ден қою; өздеріне қатысты өтініштер мен шағымдар келіп түскен тұлғалардан жазбаша түсініктемелерді талап ету; Қоғам президентінің, арыз берушілердің және өздеріне қатысты іскерлік қарым-қатынастың этикалық нормаларының бұзылуы туралы өтініштер мен шағымдар келіп түскен адамдардың тиісті өтініштер мен шағымдарды қарау нәтижелерін назарына жеткізу;
Қоғам председательдің тапсырмасы бойынша, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнамасын бұзғанына шағымдары бойынша көрсетілген бұзушылық туралы ақпаратты жинау арқылы бастамашылық тәртіпте ден қою, сондай-ақ Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылық фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органына хат жолдау;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
өз қызметінің мәселелері бойынша іс жүргізуді ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
өз құзыреті шегінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен консультациялар өткізу;
Қоғамға байланысты мәмілелерге, шарттарға, жобаларға немесе Қоғамның ішкі актілерінде көзделген тәртіппен өзге де мәселелерге байланысты кез келген коммерциялық немесе өзге де жеке мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы Қоғам президентін дереу хабардар ету;
Қоғамның қызметі туралы құпия ақпаратты жария етпеуді қамтамасыз ету;
Қоғам президентіне өз құзыретіндегі мәселелер бойынша дәйекті ақпаратты уақтылы ұсыну;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Қоғамның мүдделерін білдіру немесе өкілі ретінде әрекет ету;