Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 19-шы желтоқсаннан 10-қаңтарға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Комплаенс-офицер
Білімі:
Білімі жоғары (заң немесе қаржылық-экономикалық болғаны жөн); парақорлықпен, күрес менеджментінің жүйесі, комплаенс (ISO 37001, FRM/ PRM/ ICA International Diploma in Compliance және басқа) саласында халықаралық сертификаты болғаны жөн.
Жұмыс өтілі:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс/тәуекел-менеджмент саласындағы практикалық өтілі кемінде 5 (бес) жыл (заңды қолдау, тәуекел менеджменті бөлімшелерін қоса алғанда, егер арнайы комплаенс қызметі болмаған жағдайда комплаенс-офицер – әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын осындай бөлімшелер жүзеге асырған болса).
Білімі: мемлекеттік және орыс тілдері, шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдары, ҚР сыбайлас жемқорлық заңдарының, сыбайлас жемқорлық комплаенс саласындағы халықаралық құқық талаптарына сәйкес, ISO 37001 ұсыныстарымен, FCPA, UKBA талаптарымен сыбайлас жемқорлық комплаенстің корпоративтік жүйесін құрудың негізгі талаптары, қағидаттары мен элементтері; «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары; Қоғам Жарғысы, Әдеп кодексі, Қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да актілер; Қоғам қызметінің бағытын анықтайтын ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да басқарушы материалдар; электрондық құжат айналымы жүйесінің негіздері; ақпараттық технологиялардың заманауи құралдары мен оларды қойылған мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін қолдану мүмкіндігі; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері.
Дағдылары: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру; сауатты сөйлеу және хат жазу; қарым-қатынас дағдылары, жағдаяттар мен фактілерді объективті әрі әділ бағалай білу, Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша кеңес беру дағдылары, этикалық мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы шағымдар мен дауларды қарай білу, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібі, оны қорғау және пайдалану тәртібі, дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу әдістері; іскерлік қарым-қатынас этикасын және іскерлік хат алмасуды жүргізу қағидаларын меңгеру; қазіргі заманғы техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін меңгеру.
Қосымша талаптар: аналитикалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; жағдайды сыни бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделу; шешім қабылдай білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу.