Жарияланған күні:

Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері

(Осы бос орынға түйіндемені 2022 жылғы 18 сәуірге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша кемінде 3 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда, құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім: мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті түрде); мүмкіндігінше шет тілін білген жөн; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережелері; Қоғам Жарғысы; Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасы ережелері; Қоғамның даму стратегиясы мен болашағын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар: жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу; ДК мен кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы болу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары; кеңес беру дағдылары; заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, өзгерістерге тез бейімделу; үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу; ұжымда және өз бетінше жұмыс істей алу.

Басқарманың бас менеджерінің лауазымдық міндеттері:
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысатын және Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде үміткерлердің жеке істерін қабылдау және өңдеу (бұдан әрі-үкіметаралық гранттар);
2) «еБолашақ» көпфункционалды ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «еБолашақ» МАЖ) үміткерлердің деректер базасын қалыптастыру және жаңарту;
3) Басқарма ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
4) Үкіметаралық гранттар шеңберінде үміткерлердің деректер базасын қалыптастыру және жаңарту;
5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу турларына үміткерлердің тізімдерін қалыптастыру үшін ақпарат дайындау;
6) «еБолашақ» МАЖ менеджерлер енгізген үміткерлердің деректерін салыстырып тексеру;
7) Құжаттарды қабылдау бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептер мен актілерді дайындау;v 8) Басқарманың жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
9) Басқарма құзыреті шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттарына, өтініштеріне уақтылы жауап беру және кеңес беру;
10) Басқарманың құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен үміткерлердің өтініштері мен сұрау салулары бойынша үміткерлермен және Қоғамның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүргізу;
11) «Болашақ» бағдарламасын іске асыру барысында Қоғамның өзекті мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен және/немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен, мемлекеттік органдардан, ведомстволардан, білім беру мекемелерінен және ұлттық компаниялардан келіп түсетін сұрауларға белгіленген тәртіппен жауаптар дайындау;
12) «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің және үкіметаралық гранттар үміткерлерінің жеке істерін қабылдау-тапсыру актілерін мұрағатқа тапсыру;
13) Басқарманың істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды мұрағатқа тапсыру;
14) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ-мен өзара іс-қимыл жасау;
15) Көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өнім берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
16) Еңбек және атқарушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын және жұмыс режимін сақтау;
17) Басқарманың жұмыс жоспарларын орындау;
18) Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
19) Өз құзыреті шегінде Қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
20) Өз құзыреті шегінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен консультациялар өткізу;
21) Өзінің кәсіби деңгейін арттыру;
22) Қоғаммен байланысты мәмілелерде, шарттарда, жобаларда немесе Қоғамның ішкі актілерінде көзделген тәртіппен өзге де мәселелерге байланысты кез келген коммерциялық немесе өзге де жеке мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы дереу хабардар ету;
23) Қоғамның қызметі туралы ақпараттың қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялықты қамтамасыз ету;
24) Басқарманың жұмыс жоспарын орындау;
25) Басшылықтың тапсырмаларын орындау;
26) Қоғамның ішкі актілерінің конфиденциалдылық нормаларын бұзбай дәйекті ақпаратты уақтылы ұсыну;
27) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау;
28) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Қоғамның мүдделерін білдіру немесе өкілі ретінде әрекет ету;
29) Өз құзыреті шегінде құжаттарға бұрыштама қою және келісу;
30) Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген лауазымдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
31) Атқарып отырған лауазымынан босатылған кезде жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті, қолда бар қызметтік құжаттаманы істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша тікелей басшы айқындайтын қызметкерге беру;
32) Қоғамның жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.