Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2021 жылғы 7 наурызға дейін қабылданады).
Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқару саласында қосымша білімі және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: жұмыс өтілі кемінде 4 жыл, жұмыс тәжірибесі басшылық қызметте кемінде 1 жыл.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім:
1) ҚР Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидалары;
3) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;
6) шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері;
7) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:
1) кеңес жүргізу дағдылары;
2) жағдаятты сыни бағалай алу;
3) өзгермелі жағдайларға бейімделе білу;
4) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
5) көшбасшылық дағдылары, қиын жағдайларда шешім қабылдай алу;
6) ауызша және жазбаша қатынас жасау дағдылары;
7) заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы құжаттаманы жүйеге келтіру, есепке алу және жүргізу дағдылары;
8) ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу;
9) командада және өзбетінше жұмыс істей алу;
10) аналитикалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдылардың болуы;
11) ынтымақтастықты дамыта білу, келіссөздер жүргізу;
12) аналитикалық, іскерлік және коммуникативтік қабілеттері болу.
Лауазымдық міндеттері:
1) Басқарманың ағымдағы жұмысына басшылық жасау, Қоғам басшылығының тапсырмаларын, нұсқаулары мен өкімдерін уақтылы және сапалы орындау;
2) алқа органдарының отырыстарына және басқарма мен жалпы Қоғам қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияларға қатысу;
3) үміткерлердің жеке істерін қабылдау мен өңдеудің тиімді ұйымдастырылуын бақылау және қамтамасыз ету;
4) үміткерлерді конкурстық іріктеуді сапалы өткізуді қамтамасыз ету және бақылау;
5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-пен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасау;
6) конкурстық іріктеуді жүзеге асыру мәселелері бойынша әріптестермен өзара іс-қимыл жасау;
7) Басқарма қызметкерлерінің Қоғамда шығарылатын өкімдерді, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды және басқа да ішкі актілерді уақытылы орындауын қамтамасыз ету;
8) басқару үшін белгіленген есептіліктің барлық нысандарының дайындалуын бақылау, олардағы мәліметтердің дұрыстығын бақылау, олардың дұрыстығын растау (оның ішінде бұрыштама қою);
9) сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен, зертханалармен, білім беру және басқа да ұйымдармен келіссөздер, кездесулер өткізу;
10) ақпараттық-түсіндіру науқандарын өткізу мақсатында брифингтер, кездесулер өткізу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
11) құжаттарды қабылдау процесін жақсарту және конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу;
12) Қоғамның жарғысына және қолданыстағы ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.