Жарияланған күні:

Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының Call-орталығы менеджері

(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 14 маусымға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтілі: жұмыс өтіліне талап қойылмастан, немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік, орта кәсіптік білімі және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары және Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары; «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары; Қоғам Жарғысы, Басқарма туралы ереже, Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар; «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу және құжат қабылдау жөніндегі нұсқаулық; Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері; шетелдегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері; мемлекеттік және орыс тілдері; шет тілі (білгені жөн); еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары.

Дағдылар: консультациялық жұмыс дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу; өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; жеке компьютерін, ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; мемлекеттік және орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу дағдылары; командада және өз бетінше жұмыс істей білу. Қосымша талаптар: жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу; командада және өз бетінше жұмыс істеу.