Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 18 тамызға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Біліміне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Шетелде оқуын (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда құрылымдық бөлімше қызметіндегі бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.
Call-орталығы менеджеріне қойылатын негізгі талаптар:
лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажет іскерлік дағдылары: деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; презентация жүргізе білу; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; мемлекеттік және орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істей білу; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; қиын жағдайда шешім қабылдай алу; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы есепке алу және жүргізу, командада және өз бетімен жұмыс істей білу.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажет білім:
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; мемлекеттік және орыс тілдері; шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер.