Жарияланған күні:

КОНКУРСТЫҚ РӘСІМДЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ CALL-ОРТАЛЫҒЫ МЕНЕДЖЕРІ (УАҚЫТША БОЛМАҒАН ЖҰМЫСКЕРДІ АЛМАСТЫРУ УАҚЫТЫНА)

(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық пошта арқылы қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Біліміне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Шетелде оқуын (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда құрылымдық бөлімше қызметіндегі бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Call-орталығы менеджеріне қойылатын негізгі талаптар:
• «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша және Қазақстан Республикасы мен шет ел үкіметтері және ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде (бұдан әрі – Үкіметаралық гранттар), сондай-ақ Қоғам қызметінің барлық бағыттары бойынша азаматтарға консультациялық қолдау көрсету үшін кіріс қоңырауларын қабылдау;
• «Болашақ» халықаралық стипендиясын конкурстық іріктеу рәсімдері және үкіметаралық гранттар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектеріне мониторинг жүргізу бойынша азаматтарға барлық қажет ақпаратты беру;
• консультация беру кезеңінде сенімді әрі дұрыс ақпарат ұсыну;
• «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына және Үкіметаралық гранттарға қатысатын үміткерлердің жеке істерін қабылдау және өңдеу;
• «еБолашақ» көп функционалды ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «еБолашақ» КАЖ) үміткерлердің деректер қорын қалыптастыру және жаңарту;
• Үкіметаралық гранттар шеңберінде үміткерлердің деректер қорын қалыптастыру және жаңарту;
• үміткерлердің тізімін қалыптастыру, сондай-ақ нәтижелерді өңдеу;
• үміткерлерге конкурстың өткізілетін күні мен орны туралы ақпарат беру.

лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажет іскерлік дағдылары: деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; презентация жүргізе білу; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; мемлекеттік және орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істей білу; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; қиын жағдайда шешім қабылдай алу; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы есепке алу және жүргізу, командада және өз бетімен жұмыс істей білу.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажет білім: Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; мемлекеттік және орыс тілдері; шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер.