Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).
Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынанкейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойыншакурстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: құрылымдық бөлімше қызметініңбейіні бойынша кемінде 2 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура)аяқтаған жағдайда, құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша жұмысөтілі кемінде 1 жыл.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім: мемлекеттік жәнеорыс тілдері (міндетті түрде); мүмкіндігінше шет тілін білген жөн; ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білімтуралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасыныңзаңдары; ғылым және білім саласындағы Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жарлықтары мен Үкіметінің қаулылары және басқа данормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралықстипендиясына тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережелері; ҚоғамЖарғысы; Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасы ережелері;Қоғамның даму стратегиясы мен болашағын және оның құрылымдықбөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар;көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері;еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттенқорғау ережелері.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пендағдылар: іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу;жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу; ДК мен кеңсетехникасының тәжірибелі пайдаланушысы болу; ауызша және жазбашақарым-қатынас дағдылары; кеңес беру дағдылары; заманауи ақпараттықтехнологияларды қолдана отырып, жүйелеу, есепке алу және құжаттаудағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, өзгерістерге тез бейімделу;үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту,келіссөздер жүргізе білу; ұжымда және өз бетінше жұмыс істей алу.