Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемені 2022 жылғы 18 сәуірге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Білімге қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі). Басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттарының болғаны дұрыс.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша кемінде 4 жыл, басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл. Шетелде оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура, докторантура) құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім: және орыс тілдері (міндетті түрде); шет тілі (мүмкіндігінше); Қазақстан Республикасының Конституциясы; Азаматтық кодекс; Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым мен білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым; Конкурстық рәсімдерді және қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да басшылық және нормативтік-құқықтық құжаттарды; қоғамның даму стратегиялары мен перспективаларын; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын ұйымдастыруды басқару туралы ережелер.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар: стратегиялық ойлау, күйзеліске төзімділік, күрделі жағдайда жылдам бағдарлай білу және даулы жағдайларды шеше білу; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; басшылық дағдыларын меңгеру; командада және өз бетінше жұмыс істей білу; мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді жүргізу; ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу.