Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемені 2022 жылғы 21 қаңтарға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді және жоғары іскерлік әрі кәсіби қасиеттері болуы тиіс, Жалғыз акционердің және Қоғамның Директорлар кеңесінің сенімін пайдаланады.
Біліміне қойылатын талаптар: жоғары білім (заң/экономика). Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны дұрыс.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім мен дағдылар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қоғам қызметінің ерекшелігін білу;
2) мемлекеттік, орыс тілдері; шет тілдері (білгені жөн);
3) келіссөздер жүргізе алу және корпоративтік қатынастағы қатысушылар арасындағы қақтығыстарды реттей білу;
4) Қоғамға, оның ішінде Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарына қатысты мүдделер қақтығысының болмауы;
5) ұйымдастырушылық және аналитикалық дағдылардың болуы;
6) Қоғамға үлестес болмау;
7) басқарушылық еңбекті және құжаттармен жұмысты, еңбек мәдениеті мен қызметтік этиканы ұйымдастыру мәселелерін білу;
8) жеке қасиеттері болу: бастамашылық, табандылық, тіл тапқыштық, жауапкершілік, орындаушылық, оның пікірінше, Қоғам мүдделеріне сай келетін тәуелсіз пайымдауларды айту және қорғау қабілеті.
Лауазымдық міндеттері:
1) Қоғамның иректорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жетілдіру;
2) Қоғамның Жалғыз акционерінің қызметін қамтамасыз ету және Жалғыз акционерлің шешімін дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу;
3) Жалғыз акционерге Қоғам туралы ақпаратты ашуға, Корпоративтік хатшының қызметіне жататын Қоғамның құжаттарын сақтауға, Жалғыз акционерлің өтініштерін Қоғамның қарауына және Жалғыз акционерлің құқығы бұзылуына байланысты шиеленістерді шешуге ықпал ету.
4) Қоғамның корпоративтік басқару жүйесін дамытуға және Қоғамның корпоративтік саясатын тиімді іске асыруға қатысу;
5) Қоғамның барлық органдары мен лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға және қорғауға кепілдік беретін корпоративтік басқару қағидалары мен рәсімдерін сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген тәртіппен осы Қағидаларға қажетті түзетулер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау.
6) Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезінде жәрдем көрсетеді;
7) Қоғамның басқару органдарының, оның ішінде мүдделі тұлғалармен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғам туралы ақпараттың ашылуын және берілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қоғам қызметінің ақпараттық ашықтығының жоғары деңгейін қолдау.
Корпоративтік хатшы лауазымына кандидатураны қарау үшін үміткер Қоғамның Директорлар кеңесіне мыналарды қамтитын ақпаратты ұсынады:
1) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) туған күні;
3) білімі (негізгі, қосымша), оның ішінде оқу мекемесінің атауы, бітірген жылы, мамандығы (алған біліктілігі), алған дәрежесі (егер қолданылса);
4) соңғы 5 (бес) жылда істеген жұмысы туралы мәлімет;
5) мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін Қоғамға немесе оның лауазымды адамдарына аффилиирленгендігінің, кандидат пен Қоғам және (немесе) оның лауазымды адамдары арасындағы қатынастардың болуы не болмауы туралы мәліметтер;
6) кандидатқа тиесілі заңды тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесінің) болуы не болмауы туралы мәлімет;
7) корпоративтік хатшының міндеттерін орындауына ықпал етуге қабілетті өзге де ақпарат.