Ұлыбритания және Құрлықтық Еуропа елдеріндегі оқуды ұйымдастыру басқармасының менеджері
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 25 сәуірге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 2 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.
Міндеттері:
Басқарманың жұмыс жоспарларын орындау;
«еБолашақ» көпфункционалды ақпараттық жүйесінде стипендиаттардың ақпаратын жүргізу, өзгерту және уақтылы толықтыру»;
стипендиаттарды тілдік курстарына, тағылымдамаға, академиялық оқуға жіберуді ұйымдастыру (кепіл хатты, стипендиаттың мәртебесі туралы анықтаманы дайындау, визаның бар-жоғын тексеру және әуебилеттерді сатып алу);
стипендиаттардың академиялық үлгеріміне мониторинг және бақылауды жүзеге асыру бойынша шетелдік оқу орындары мен ұйымдардың өкілдерімен байланыс орнату және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
оқу/жеке жоспарларды, транскриптерді, есептік құжаттарды жинау, оқу жоспарындағы курстар мен кредиттердің сәйкессіздігін қарау және бақылау жөніндегі қызмет;
бітірушілердің оқуды аяқтағаны туралы есеп беру құжаттарын ұсынуына бақылауды жүзеге асыру;
белгіленген тәртіпте стипендиаттардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша стипендиаттармен, шетелдік ұйымдармен және қоғамның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүргізу;
мемлекеттік органдардан, ведомстволардан, білім беру мекемелерінен және ұлттық компаниялардан Басқарма мен қоғам қызметінің мәселелері бойынша, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасын іске асыру барысындағы өзекті мәселелер бойынша келіп түсетін сауалдарға жауаптар бойынша жиынтық ақпарат дайындау»;
өз құзыреті шегінде шетелде кадрлар даярдау жөніндегі Республикалық Комиссия отырыстарына және «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі Комиссияға стипендиаттардың материалдарын дайындау, Комиссия қарауына енгізілген мәселелер бойынша, сондай-ақ қабылданған шешімдер туралы стипендиаттарды хабардар ету.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:
жауапкершілік;
зейінділік;
сабырлылық;
көшбасшылық, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мүмкіндігі;
көпшілдік, эмпатия, жұмсақ дағдыларды жоғары меңгеру;
шығармашылық, бастамашылдық;
ауызша және жазбаша сауаттылық (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі іс қағаздарын жүргізу;
компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы;
аналитикалық құжаттарды, ақпараттық мәтіндерді әзірлеу қабілеті.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:
мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдері;
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары;
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары;
Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар.