Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 16 қазанға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: Жоғары кәсіби заңгерлік (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны дұрыс.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:кемінде 3 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім:
1) ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет Қаулыларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын және білім және ғылым саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын, 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидалары» жетік білу;
3) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;
5) шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері;
6) қазақ, орыс және шет тілдерін білу;
7) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:
1) кеңес жүргізу дағдылары;
2) жағдайды сыни бағалау;
3) өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделу;
4) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
5) күрделі жағдайларда шешім қабылдау сапасы;
6) ауызша және жазбаша коммуникация;
7) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
8) ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының, жергілікті және жаһандық желілерде, оның ішінде «Әділет» ЖЗШ, «Бест профи» ЖЗШ, НҚА эталондық банкінде жұмыс істеу дағдылары;
9) командада және дербес жұмыс істеу;
10) талдау құжаттарын, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдылардың болуы;
11) келіссөздер жүргізе білу; талдамалық;
12) іскерлік және коммуникативтік қабілеттер.
Лауазымдық міндеттері:
1) Қоғам қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау және оларды Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу;
2) қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп ішкі нормативтік актілердің (бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулықтардың, басқа да ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың) жобаларын дайындау және оларды келісу;
3) сараптамаға ұсынылған құжаттардың мәні бойынша заңды қорытындылар жасау;
4) Жалғыз акционер шешімдерінің жобаларын дайындау, оның ішінде Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ оларды тиісті органда тіркеу.
5) Қоғам қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуге қатысу;
6) әдістемелік материалдарды әзірлеу, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсету;
7) хаттарды, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өтініштерін, депутаттық сауалдар мен азаматтардың өтініштерін, құрылымдық бөлімшелердің сауалдарын қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау.