Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау басқармасының басшысы
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 15 сәуірге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімге қойылатын талаптар: Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары кәсіби (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттарының болғаны дұрыс.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Ақпараттық технологиялар саласында 4 жылдан кем емес. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесіне немесе қоғамда кемінде 2 жыл жұмыс өтіліне қойылатын талаптар. Болашақ бағдарламасы бойынша шетелде оқуын (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда басшылық позициядағы өтілін растаусыз.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру, шет тілдерін білу құпталады;
Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік стандарттарының тізбесі;
Ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқарудың әдіснамасы мен қағидаттарын, "электрондық үкімет" жұмысының негіздері мен қағидаттарын және ЭҮ дамыту тұжырымдамасын білу;
әдіснамалар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары мен құралдары;
зерттеу жүргізу дағдылары және ұйымның бизнес-процестерін сипаттау;
техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібі;
бағдарламалау әдістері;
серверлік және желілік жабдықтарды;
қарым-қатынас дағдылары, командада жұмыс істей білу.
Негізгі функционалдық міндеттері:
басқарманың қызметін ұйымдастыру;
басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауына бақылауды жүзеге асыру;
басқарма қызметі туралы есептерді, басқарма қызметін жақсарту бойынша және басқарма қызметіне қатысты әдістемелік және құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау, негіздеу, жетекшілік ететін вице-Президентпен келісу және белгіленген тәртіппен ұсыну;
басқарманың құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен келіссөздер мен кездесулер өткізу;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ішкі нормативтік құжаттаманың уақтылы өзектіленуіне мониторинг және бақылау;
ақпараттық технологиялар және Қоғамдағы ақпаратты қорғау саласындағы нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау;
Қоғам қызметін автоматтандыру, процестерді оңтайландыру және қоғам қызметінің тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды жоспарлау, үйлестіру және басқару;
Қоғамның мақсаттарына сәйкес автоматтандыру бойынша міндеттерді анықтау, оларды алгоритмдеу және техникалық сараптау;
Қоғамның қолданыстағы және енгізілетін ақпараттық ресурстарын мемлекеттік аттестаттауға және сертификаттауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері бойынша Қоғамның ұйымдастырылуы мен қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
автоматтандырылған басқару жүйелері үшін бастапқы деректер мен алгоритмдерді дайындау үшін Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік кеңес беру;
Қоғам қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау, қызмет тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені бар қоғам басшылығына есептілік ұсыну;
мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне мониторинг жасау;
компьютерлік және ұйымдастыру техникасын, желілік және серверлік жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді басқаруды және олардың жеткізілуін бақылау;
Қоғамның ақпараттық жүйелерінің, интернет-ресурстарының, компьютерлік, желілік және серверлік жабдығының, жергілікті-есептеу желілерінің және телефон байланысының жұмыс істеуін бақылау.