Басты бет > Бос жұмыс орындарының мұрағаты > Руководитель Управления по связям с общественностью

Жарияланған күні:

Руководитель Управления по связям с общественностью

(Осы бос орынға түйіндемелер 2021 жылғы 10 мамырға дейін қабылданады).

Біліміне қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану) мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттарының болғаны дұрыс;

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кем дегенде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл. БАҚ-та немесе PR саласында жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 3 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар – кемінде 2 жыл.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) мемлекеттік және орыс тілдерінде, шет тілінде (мүмкіндігінше);
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, Еңбек кодексі, "Білім туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және "Жарнама туралы» заңдары;
3) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары негізінде жүзеге асырылады);
4) Қоғамның Жарғысы, қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік және құқықтық құжаттар;
5) Қоғам қызметінің бағыттарын айқындайтын ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да басшылыққа алынатын материалдар негізінде жүзеге асырылады;
6) Қоғамның ұйымдық құрылымы;
7) құжат айналымының электрондық жүйесінің негіздері;
8) қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы құралдарын және оларды қолдану мүмкіндіктерін; ;
9) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын;;
10) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар:

  • мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі;;
  • сауатты сөйлеу және тамаша жазу дағдылары;
  • жұртшылықпен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
  • дамыту стратегиясы және ақпараттық нарық конъюнктурасы;
  • мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібі, оны қорғау және пайдалану тәртібі;
  • әлеуметтік зерттеулер жүргізу технологиясы;
  • дағдарыстық жағдайларда жұмыс істеу әдістері;
  • жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері;
  • бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттарды (келісімшарттарды) жасау және жасасу тәртібі;
  • іскерлік қарым-қатынас этикасы және іскерлік хат алмасу ережелері;
  • қазіргі заманғы техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері;
  • клиенттік пиар, ішкі корпоративтік пиар, дағдарыстық пиар, пиардың өзге де түрлерінің негізгі қағидаттары;
  • бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістері;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптары.