Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 9 маусымға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны дұрыс. Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: заң мамандығы бойынша кемінде 4 жыл, басшылық орында кемінде 2 жыл не Қоғамдағы жұмыс өтілі 2 жылдан аспайды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда, басшылық орында жұмыс өтілін растамайды.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет білім:
ҚР Конституциясы;
ҚР Азаматтық кодексі;
ҚР Еңбек кодексі;
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар);
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Іскерлік әдеп кодексі;
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ішкі еңбек тәртібінің ережесі;
Басқарма туралы ереже;
мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шет тілдері (білгені жөн);
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын және білім және ғылым саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын,
Қоғамды дамыту стратегиясы мен перспективалар;
шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері;
шарттарды жасасу және ресімдеу тәртібі.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:
жауапкершілік;
сенімділік;
парасаттылық;
кәсбилік;
жаңашылдық;
стратегиялық ойлау;
күйзеліске тұрақтылық;
ұйымдастырушылық қабілеті;
коммуникациялық дағды;
кеңес жүргізу дағдылары;
ДК мен ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысы;
жергілікті және жаһандық желіде жұмыс істей алу;
жағдайды сыни бағалау;
командада және дербес жұмыс істеу;
презентация жүргізе білу;
өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделу;
деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
ұйымдастырушылық қабілеті, көшбасшылық қасиеті және күрделі жағдайларда шешім қабылдай алу;
аналитикалық, іскерлік және комуникациялық қабілеттері;
аналитикалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдысы;
ұжымда қолайлы психологиялық атмосфера қалыптастыра білу.
Лауазымдық міндеттері:
Басқарма жұмысының жалпы басшылығын жүргізу;
Басқарма қызметін ұйымдастыру;
Басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауына бақылау жүргізу;
Басқарма қызметі туралы есептерді, Басқарма қызметін жақсарту бойынша және Басқарма қызметіне қатысты әдістемелік және құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау, негіздеу, Басқарма Төрағасымен келісу және белгіленген тәртіппен ұсыну;
Басқарма қызметкерлерінің лауазымы мен біліктілігін ескере отырып, олардың функционалдық міндеттерінің мазмұны мен көлемін айқындау;
Басқарманың еңбек және орындаушылық тәртібін нығайту және ұйымдастыруды жақсарту бойынша жұмыс жүргізу;
Басқарма қызметкерлері орындаған жұмыстардың сапасын бағалауды жүзеге асыру;
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның, «Болашақ» стипендиясынан бас тартқан не одан айырылған адамдардың мәселелері жөніндегі комиссияның қарауы үшін материалдар дайындауды ұйымдастыру;
өз құзыреті шегінде Қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
Басқарманың жұмыс жоспарын орындау;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау;
жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурс жеңімпаздарымен оқытуды ұйымдастыр, жылжымайтын мүлік кепілі, кепілдік шарттарын және оларға қосымша келісімдер жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Қоғам мен заңнамада белгіленген мерзімде кепіл заттарынан ауыртпалықтарды алу үшін қажетті құжаттарды дайындау;
стипендиаттардың міндеттемелерін Қоғам мен заңнамада белгіленген мерзімдерде орындауын қамтамасыз ету мақсатында берілген кепіл затын ауыстыру туралы өтініштерді дайындау мен қарауды ұйымдастыру;
мемлекеттік қызметтер бойынша есептерді дайындау, Басқарманың мемлекеттік қызметтері бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындау;
Басқарма қызметінің бағыты бойынша есептерді, оның ішінде Басқарма қызметінің жұмыс қорытындысы бойынша жыл сайынғы есепті дайындау;
хаттарды, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өтініштерін, депутаттық сауалдар мен азаматтардың өтініштерін, құрылымдық бөлімшелердің сауалдарын қарау, олар бойынша жауаптар мен қорытындылар дайындау;
талап-арыз жұмысын, оның ішінде Қазақстан Республикасының барлық соттарында «Болашақ» стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдардан қаражат өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
«Болашақ» халықаралық стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдармен, сондай-ақ Қоғам алдында қаржылық берешегі бар стипендиаттармен берешек сомасын ерікті түрде өтеу туралы келіссөздер жүргізу және оны өтеу туралы келісімдер жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
өз құзыреті шегінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен консультациялар өткізу;
өзінің кәсіби деңгейін арттыру;
бірінші басшыны Қоғаммен байланысты мәмілелерде, шарттарда, жобаларда немесе Қоғамның ішкі актілерінде көзделген тәртіппен өзге де мәселелерге байланысты кез келген коммерциялық немесе өзге де жеке мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы дереу хабардар ету;
Қоғамның қызметі туралы ақпараттың қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясының құпиялылығын қамтамасыз ету;
Қоғамның ішкі актілерінің құпиялылық нормаларын бұзбай дәйекті ақпаратты уақтылы ұсыну;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы шаралар қабылдау;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Қоғамның мүдделерін білдіру немесе өкілі ретінде әрекет ету;
өз құзыреті шегінде құжаттарға бұрыштама қою және келісу;
осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген лауазымдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
атқарып отырған лауазымынан босатылған кезде жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті, қолда бар қызметтік құжаттаманы істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша тікелей басшы айқындайтын қызметкерге беру;
Қоғам Жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.