Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 12 қарашаға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны дұрыс
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талап қоймастан, немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік, орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болу.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім:
1) ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет Қаулыларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын және білім және ғылым саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын жетік білу.
3) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;
5) Шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері;
6) Мемлекеттік, орыс тілдері; шет тілдерін білгені жөн;
7) Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:
1) кеңес жүргізу дағдылары;
2) жағдайды сыни бағалау;
3) өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделу;
4) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
5) күрделі жағдайларда шешім қабылдау сапасы;
6) ауызша және жазбаша коммуникация;
7) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
8) ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу;
9) командада және дербес жұмыс істеу;
10) талдау құжаттарын, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдылардың болуы;
11) келіссөздер жүргізе білу;
12) аналитикалық, іскерлік және коммуникативтік қабілеттер.
Лауазымдық міндеттері:
1) талап-арыз жұмысын жүргізу (Қазақстан Республикасы сот органдарының 1-ші, апелляциялық, кассациялық инстанцияларында соттарға қатысу);
2) өз құзыреті шегінде Қоғам мүдделерін білдіру немесе өкілі ретінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда сөйлеу;
3) сот жұмысы бойынша базаны жүргізу, "Болашақ" стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдардан қаражат өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізу;
4) "Болашақ" стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдардан қаражат өндіріп алу бойынша жұмыстар жүргізу,
5) стипендиаттардың берешектерін өндіріп алу қызметінің қорытындылары бойынша жыл сайынғы есепті дайындауға қатысу;
6) "Болашақ" стипендиясынан бас тартқан не айырылған адамдардың мәселелері бойынша Комиссияның қарауы үшін материалдар дайындау;
7) хаттарды, мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың өтініштерін, депутаттық сауалдар мен азаматтардың өтініштерін, құрылымдық бөлімшелердің сауалдарын қарау, олар бойынша жауаптар мен қорытындылар дайындау;
8) стипендиаттардың берешектерін өндіріп алу жөніндегі келісімдерді дайындау;
9) Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеу және орындау;
10) Басқарма қызметінің бағыты бойынша есептер дайындау;
11) атқарушылық іс жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
12) Қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
13) Қоғам Жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.