Жарияланған күні:

Шарттық және наразылық-талап қою жұмысы басқармасының менеджері (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне) – 1 бірлік

(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 16 қаңтарға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)


Үміткердің біліміне қойылатын талаптар:білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны дұрыс.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: заң мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда – кемінде 1 жыл. Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім: 1) ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет Қаулыларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын және білім және ғылым саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын жетік білу.
3) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы; 4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары; 5) шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері; 6) қазақ, орыс тілдерін; 7) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:
1) кеңес жүргізу дағдылары; 2) жағдайды сыни бағалау; 3) өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделу; 4) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; 5) күрделі жағдайларда шешім қабылдау сапасы; 6) ауызша және жазбаша коммуникация; 7) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу; 8) ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; 9) командада және дербес жұмыс істеу; 10) талдау құжаттарын, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдылардың болуы; 11) келіссөздер жүргізе білу; талдамалық; 12) іскерлік және коммуникативтік қабілеттер.


Лауазымдық міндеттері:
1) талап-арыз жұмысын жүргізу (Қазақстан Республикасы сот органдарының 1-ші, апелляциялық, кассациялық инстанцияларында соттарға қатысу);
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда қоғамның мүдделерін білдіру немесе өкілі ретінде әрекет ету;
3) сот жұмысы бойынша базаны жүргізу, "Болашақ" стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдардан қаражат өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізу;
4) «Болашақ» стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдардан қаражат өндіріп алу бойынша жұмыстар жүргізу,
5) стипендиаттардың берешегін өндіріп алу бойынша Басқарма қызметінің қорытындылары бойынша жыл сайынғы есепті, Мемлекеттік қызметтер бойынша есептерді дайындауға, оның ішінде Басқарманың мемлекеттік қызметтер бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындауға қатысу;
6) стипендиядан бас тартқан не «Болашақ» стипендиясынан айырылған адамдардың мәселелері жөніндегі комиссияның қарауы үшін, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның қарауы үшін материалдар дайындау;
7) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурс жеңімпаздарымен оқытуды ұйымдастыруға шарттар, жылжымайтын мүлік кепілі, кепілдіктер және оларға қосымша келісімдер жасасу бойынша жобаларды дайындау және өзге де жұмыс;
8) қоғам мен заңнамада белгіленген мерзімде кепіл заттарынан ауыртпалықтарды алу үшін қажетті құжаттарды дайындау;
9) Стипендиаттың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында берілген кепіл затын қоғам белгілеген мерзімде ауыстыру туралы өтініштерді қарау;
10) хаттарды, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өтініштерін, депутаттық сауалдар мен азаматтардың өтініштерін, құрылымдық бөлімшелердің сауалдарын қарау, олар бойынша жауаптар мен қорытындылар дайындау;
11) стипендиаттардың берешектерін өндіріп алу жөніндегі келісімдерді дайындау;
12) басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеу және орындау;
13) басқарма қызметінің бағыты бойынша есептер дайындау;
14) атқарушылық іс жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
15) қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
16) қоғамның жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.