Басты бет > Бос жұмыс орындарының мұрағаты > БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

Жарияланған күні:

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 29 тамызға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Білімге қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 5 жыл, оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда жұмыс өтілі жетекшілік бағытындағы бейін бойынша кемінде 7 жыл.

Басқарма төрағасының кеңесшісіне қойылатын негізгі талаптар:

  • Басқарма төрағасына Жұмыс беруші қызметінде туындайтын мәселелер бойынша кеңес беру;
  • Өз құзыреті шегінде Қоғамның комиссияларына және жұмыс топтарына қатысу;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдау;
  • Қоғамның ішкі құжатын әзірлеуге қатысу;
  • Өз құзыреті шегінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен консультация жүргізу;
  • Шұғыл хабарламаларды қарайды, талдайды, жиынтықтайды және олардың мазмұнын Басқарма төрағасына жеткізеді, тиісті бөлімшелерге жібереді;
  • Басшылықтың тапсырмасы бойынша құжат тексеруді ұйымдастырады және олар бойынша мамандармен бірге қорытынды жасайды;
  • Басқарма төрағасының тапсырмаларын орындау;
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияны жүргізеді;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, оның нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
  • Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда Қоғамның өкілі ретінде қатысады немесе мүдделерін ұсынады.

және лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білік:
деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; презентация өткізе білу; жағдайды сыни бағалау, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; мемлекеттік және орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу дағдысы; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; қиын жағдайда шешім қабылдау дағдысы; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдысы, командада және өз бетінше жұмыс істеу.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; мемлекеттік және орыс тілдері; шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулыларын және басқа да нормативтік құқықтық актілері.