Жарияланған күні:

Стратегия және халықаралық ынтымақтастық басқармасының менеджері

(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 21 шілдеге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Жобалық басқаруда білімнің болуы, консалтинг саласында тәжірибенің болуы, R&D. Халықаралық сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 3 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім:

  • ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңдары;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет Қаулыларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын және білім және ғылым саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын жетік білу;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;
  • шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері;
  • қазақ, орыс және шет тілдерін білу;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:

  • кеңес жүргізу дағдылары;
  • жағдайды сыни бағалау;
  • өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделу;
  • деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
  • күрделі жағдайларда шешім қабылдау сапасы;
  • ауызша және жазбаша коммуникация;
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
  • ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу;
  • командада және дербес жұмыс істеу;
  • талдау құжаттарын, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдылардың болуы;
  • келіссөздер жүргізе білу; талдамалық;
  • іскерлік және коммуникативтік қабілеттер.

Лауазымдық міндеттері:
1) Қоғамның және «Болашақ» стипендиясының стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуын сүйемелдеу;
2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына материалдарды сапалы қалыптастыру және дайындау;
3) өткізілген іс-шаралар мен жобалар бойынша қорытынды талдамалық есептерді (анықтамаларды) дайындау;
4) Қоғамның семинарларын, кеңестерін, презентацияларын, кездесулерін және басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
5) жобаларды басқару;
6) іс-шаралар мен жобаларды іске асыру кезінде креативті әдістерді енгізу;
7) «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және іске асыруға қатысу;
8) Қоғам жұмысын сапалы талдау.